» » » Жұқпалы аурулар көрсеткіші төмендеген

Жұқпалы аурулар көрсеткіші төмендеген

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда облыс көлемінде жұқпалы аурулар бойынша аурушандық көрсеткіші төмендеген. Лямблиоз – 3,7 есеге, жұқпалы жіті ішек аурулар тобы - 43 пайызға, тамақтан улану – 21,4 пайызға азайса, вирусты гепатиттер – 6, өкпе туберкулезі, бактериалдық дизентерия, жіті вирусты гепатит С-түрі – 5, сарып, анықталмаған вирусты және бактериалды ішек аурулары 4 жағдайға азайған. Бұл туралы бүгін Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде өткен баспасөз конференциясында қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева мәлімдеді.
Облыста 2018 жылдың 6 айында бірқатар жұқпалы аурулар аурушандығы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 
Облыс тұрғындары арасында туляремия, күйдіргі, сал, тырысқақ, іш сүзегі, қылау, оба, қызамық, көкжөтел, сіріспе, жіті вирусты гепатит Д, Е, малярия, лептоспироз, листериоз, вирусты кене энцефалиті, иерсиниоз, безгек, қүл, құтыру, қызылша, гименолепидоз, трихинеллез, висцеральды лейшманиоз, тері лейшманиозы, ҚКГҚ, иерсиниоз аурулары тіркелмеген.
Аймақта кене шағу жағдайымен жыл басынан бері 708 адам медициналық көмекке жүгінген. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28 пайызға төмендеген. Облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті 6 науқас анықталды, оның 5-і Қызылорда қаласынан, 1-уі Қазалы ауданынан. Дегенмен, диагноздары зертханалық жолмен нақтыланған жоқ.
18 шілде 2018 ж. 8 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930