Жаңа үлгідегі медициналық пакет деген не?

Ал, ТМККК пакетінің жаңа үлгісімен қатар енгізілетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті оның кем-кетігін толықтырып, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, ұлт саулығының іргетасын қалауға ықпал етеді. Бір сөзбен, шұғыл көмек пен мемлекет тарапынан реттеуді талап ететін саланың бәрі ТМККК пакеті есебінен жүзеге асырылады. Ал, кепілдік берілген тегін көмекке кірмейтін қосымша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы көрсетіледі.
Амбулаторлық деңгейде берілетін тегін дәрі-дәрмекті әлеуметтік маңызы бар аурулар да, ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға алынатын науқастар да ала алады. ТМККК-ге кірмейтін науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету МӘМС есебінен жүргізіледі.ТМККК жаңа үлгісіндегі медициналық пакетіне:
Барша азаматтарға
- Жедел әрдем және санитарлық авиация;
- Бастапқы медициналық-санитарлық көмек;
- Шұғыл жағдайларда стационарды алмастыратын және стационарлық көмек;
- Паллиативті көмек;
- Консультативті-диагностикалық қызмет;
- Амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- Жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек;
- Туберкулезге шалдыққандарды медициналық оңалту;
- Консультативтік-диагностикалық көмек:
- Ересектерді профилактикалық тексеруден өткізу;
- Балаларды мамандандырылған деңгейде тексеру;
- Бағасы қымбат зертханалық қызметтер: гормондар, дәрумендер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР;
- Бағасы қымбат диагностикалық қызметтер: КТ, МРТ т.б;
- ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша стационарды алмастыратын көмек көрсету;
- ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша жоспарлы стационарлық көмек көрсету
- Балалар мен ересектерді: кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия салалары бойынша медициналық оңалту;
Бахыт Исмаханбетов,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының директоры