» » » ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ ӨЗГЕРДІ

ЖЕР ЗАҢНАМАСЫ ӨЗГЕРДІ


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов мәлімдеді.
Елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында жер заңнамасына бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Жалпы шаруа немесе фермер қожалығы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Соған байланысты жергілікті атқарушы орган, әкім сұралып отырған жер учаскесі бойынша аукционды жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс. Бұл жүйе бүгінге дейін ауылдық жерде 6-9 айда бір рет өткізіліп тұратын. Енді міндетті түрде 90 күн ішінде заң талабы орындалуы тиіс.
– Егер сәулет, құрылыс бөлімі сіздің жер учаскеңізді коммерциялық аймақ деп таныса, онда оның нысаналы мақсатын өзгертуге ешқандай міндетті емессіз. Әрине, құжаттар дайындаудан арыласыз, салық төлеуден үнемдейсіз. Сонымен қатар, жерге берілген мемлекеттік актіні де өзгертпесеңіз болады. Тиісті мемлекеттік органдар да нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттей алмайды, – деді облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қанат Нұрманов.
02 тамыз 2018 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031