» » АЙМАҚТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙДЫ

АЙМАҚТА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙДЫ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев мәлімдеді.
– Қоғамдық орындар мен көшелерде, мас күйінде жасалған қылмыстар саны едәуір азайды. Ауыр санаттағы, орташа дәрежедегі және онша ауыр емес қылмыстардың ашылуы жақсарды. Жол қозғалысына бақылау күшейтіліп, жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптары азайды, - деді ОІІД бастығының орынбасары Нұрлан Сансызбайұлы.
Сонымен қатар, облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 272 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың көмегімен 28 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жүзден аса қылмыс ашылған. Қоғамдық тәртіпті сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатында арнайы халықаралық тәжірибелер зерделеніп, елімізде алғаш рет біздің аймақта жаңа үлгідегі техникамен жабдықталған 14 патрульдік қызмет бекеті қойылды.
23 қаңтар 2018 ж. 1 043 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031