» » » 1406 –медсақтандыруға қатысты сұрақ - жауап

1406 –медсақтандыруға қатысты сұрақ - жауап

    1406 байланыс орталығына хабарласып медсақтандыруға қатысты барлық сұрақтарға жауап алуға болады.
Қазақстандықтар медициналық қызметтерді тұтынушылар және олардыңкез-келген коммуникация құралы арқылы шағымдануға, ұсыныс айтуға, құқықтарының бұзылуы және басқа да фактілер туралы хабарлауға толық құқығы бар. Пациент құқығының бұзылғаны жөнінде мәлімдеудің, өтініш немесе шағым қалдырудың бір тәсілі - 1406 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу.
Барлық өтініштер тіркеледі және міндетті түрде қаралатын болады. Қажет болған жағдайда, сарапшылар өтініште көрсетілген мәселені толық қарау үшін және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын бағалау үшін сол медициналық ұйымғаарнайы барады. Егер аурухана немесе клиника тарапынан медициналық қызметтерді сатып алу шартының талаптарын бұзу фактісі расталса, онда медициналық ұйымға медициналық сақтандыру қорымен шарттық міндеттемелерді төлеу ережелеріне сәйкес айыппұл санкциялары салынады.
Анықтама. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакетшеңберінде ұсынылатын болады. Яғни, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС).
ТМККК шеңберінде ҚР азаматтары мен оралмандар сақтандыру мәртебесіне қарамастан, жедел көмек, санавиация қызметтерін, негізгі консультациялық-диагностикалық қызметтермен бастапқы медициналық-санитарлық көмекті, динамикалық бақылауды талап ететін созылмалы аурулар (артериялық гипертония, қант диабеті және т. б.) және әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, онкология, АИТВ-инфекциясы және т. б.) кезінде дәрі-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен амбулаторлық қамтамасыз етуді, стационарлық емдеуді және динамикалық бақылауды талап ететін созылмалы аурулар (артериялық гипертония, қант диабеті және т.б.) және әлеуметтік маңызды аурулар (туберкулез, онкология, АИТВ-инфекциясы және т. б.) кезінде күндізгі стационар және үйдегі стационар деңгейінде емдеу қызсметтерін ала алады. Пациенттің өміріне қауіп төнген кезде шұғыл стационарлық көмек ТМККК аясында да көрсетілетін болады.Сонымен қатар, ТМККК шеңберінде науқастарға туберкулез кезінде қалпына келтіру емі, паллиативтік көмек және мейірбикелік күтім қолжетімді болады. МӘМС пакеті аясында медициналық қызметтер Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, республика аумағында тұрақты тұратын сақтандырылған мәртебесі бар шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ұсынылатын болады.
МӘМС шеңберінде ұсынылады:
1. МСАК маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек құрамына:
1) ҚР ДСМ бекіткен тәртіппен және кезеңділікпен он сегіз жасқа дейінгі балаларды және он сегіз жастан асқан адамдарды профилактикалық медициналық тексеру;
2) ТМККК шеңберінде динамикалық бақылауға жатпайтын аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың қабылдауы және консультациясы, оның ішінде:
диагностикалық қызметтер, қымбат тұратын аспаптық зерттеулер (КТ,
МРТ және т.б.) және зертханалық диагностика (ИФТ, ПТР және т.б.), маманның жолдамасы бойынша көрсеткіштер болған жағдайда:
-жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану;
-бейінді мамандардың медициналық манипуляциялар мен рәсімдерді орындауы;
-стационарды алмастыратын көмек көрсету;
ТМККК тыс дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар рецептін жазу;
-еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама.
3) жүкті әйелдерге, 18 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектерге және «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» көпбалалы аналарға шұғыл стоматологиялық көмек және жүкті әйелдер мен балаларға жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету (ортодонтиядан басқа).
2. Стационарды алмастыратын көмек ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетіледі.
3. Жоспарлы стационарлық көмек ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетіледі. Яғни, көмек емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған саны аясында пациентке емдеу аяқталғанша төсек-орын ұсына отырып, стационар палатасында қосымша сервистік қызметсіз (теледидар, тоңазытқыш, телефон байланысы, тапсырыстық тамақтану, медициналық көрсеткіштермен байланысты жағдайларды қоспағанда, палатада жеке болу) көрсетіледі.
4. БМСК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру емі.
5. ТМККК кірмейтін аурулардың патологоанатомиялық диагностикасы.
6. ТМККК-ден тыс дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды нақты бір пациенттің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету немесе сирек және аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсету үшін қолдануға жол беріледі.
01 қазан 2019 ж. 708 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031