Хабарландыру
Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 37-сессиясы 2019 жылғы 16 қазанда сағат 15:00-де облыстық мекемелер үйінің (Бейбарыс Сұлтан к., 1) мәжіліс залында ашылады.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер ұсынылады:
1. «Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі №107 шешімінің орындалу барысы туралы.
2. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңының облыста орындалуы туралы.
3. «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №271 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
4. Қосымша мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстары 2019 жылғы 16 қазанда сағат 09:30-да, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы сағат 11:00-де өткізіледі.
Облыстық мәслихат