Отбасылық зорлық-зомбылыққа заң не дейді?
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Ермек Құдайбергенов отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар туралы заңнамадағы өзгертулерге қатысты түсіндірме берді:
Өткен жылы елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң актілеріне түзету енгізілді.
Бұл түзетулер отбасы шырқын бұзатын адамдарға қатысты жазаны күшейту мақсатында жасалып отыр. Енді жаңа заңнын жазасы жеңіл емес.
Бұған дейін отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынатын.
Енді зорлық-зомбылық көрсеткендер қатаң жазаланады. Жұбайына зорлық-зомбылық көрсеткендер сот алдында жауап береді.
Ендігі жаза бірінші құқық бұзушыға ескертумен қатар, алғашқы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау жағдайларына байланысты 24 сағатқа дейін әкімшілік қамауға алуды қарастырады.
Сот егер жазалау шарасы ретіндегі ескертулер жеткіліксіз деп санаса және одан әрі салдары болса, сот бірінші жағдайда 15 тәулікке дейін қамауға алуға құқылы деп шешеді.
Сонымен бірге сот арнайы талаптарды процеске қатысушылардың немесе полицияның өтінішімен белгілейтін, енді қатігездікке қатысты шектеулі ықпал ету шаралары қажет болса үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуді сот шешеді. Сондай-ақ жәбірленушімен бір шаңырақтың астында тұруға тиым салынады.
Бұл тәртіп Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте қатаңдатылған. Отбасы-тұрмыстық қатынастардың барлық істері сотқа жіберіліп, тек сотта тоқтатылады.
Түзетулерге дейін әкімшілік істер сот ісін жүргізудің кез келген сатысында, учаскелік полиция инспекторлардың қолында болғанға дейін тоқтатылатын. Енді мұның бәрі сотқа жетеді.
Тараптарды татуластыру тәртібі де күшейтілді. Енді құқық бұзушы алдымен келтірілген зиянның орнын толтырып, медиация рәсімінен өтуі тиіс. Содан кейін ғана сот тараптардың татуласу мүмкіндігін қарастырады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі