Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №10 ҚАУЛЫСЫ
Карантиндік шараларды
күшейту туралы
Қызылорда облысында коронавирустық инфекция (бұдан әрі –КВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзарту туралы 2020 жылдың 14 сәуірдегі №306 Жарлығына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қызылорда облысы көлемінде КВИ-сын шоғырландыру және жою мақсатында 2020 жыл 1 мамыр 07 сағат 00 минутқа дейін карантиндік режимдегі шектеу және тыйым салу шаралары ұзартылсын.
2) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;
3) қала бойынша, аудан мен елді мекендер арасында кварталдар мен секторларға бөлу арқылы блок-бекеттерді орната отырып карантиндік аймақта
жүріп-тұруды шектеуді;
4) Қызылорда облыстық полиция департаменті, Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің сарбаздарын (келісім бойынша) тарта отырып, карантиндік аумақтарды патрульдеуді, КВИ-ның 5 және одан жоғары жағдайы тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды;
5) жергілікті атқарушы органмен айқындаған көлік құралдары тізбелеріне сәйкес қала, аудандар/одан тыс аумақта жұмыс орнына қызметтік, жеке және жалданған көліктерді қоспағанда, Қызылорда қаласына және аудандарына, елді мекендерге азаматтардың (о.і. жаяу тәртіппен) және көліктердің барлық түрлерінің кіруіне және шығуына тыйым салуды.
Осы орайда көрсетілген санаттағы көлік құралдары бойынша рұқсатты «жасыл дәліз» қағидасы бойынша жүзеге асыруды;
6) үкіметтік, жүктік, транзиттік рейстер мен Қызылорда облысының әкімімен келісілген рейстерді қоспағанда, барлық рейстер 2020 жылғы 1 мамыр 07.00 сағатқа дейін транзиттік және соңғы станциясы Қызылорда қаласы және Қызылорда облысы болып табылатын жолаушылар тасымалына арналған темір жол байланыстарына тыйым салуды;
7) көтерме сауда орындарына «азық-түлік дүкендеріне дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жұмыс жасауға рұқсат етуді;
8) жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарларының жұмысын тоқтата тұруды;
9) қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды;
10) жергілікті атқарушы органдармен айқындалған халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететіндерді қоспағанда, барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
11) жергілікті атқарушы органмен айқындалған көлік құралдары тізбелеріне сәйкес қала, аудандар/одан тыс аумақта жұмыс орнына қатынайтын қызметтік, жеке және жалданған көліктерді қоспағанда, облыс орталығының, қала, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
12) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;
13) тұрғындардың үйден шығуына шектеу қоюды келесі қажеттілікті қоспағанда:
– азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті заттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды және қоқыс шығаруға (жақын радиустарда орналасқан);
– жұмысқа шығу жағдайларын;
14) төтенше жағдайға байланысты карантин кезінде, ұжымдық, жанұялық (туылған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа дәстүрлік шаралар) барлық жиындарға, көрші, туған туыстарға қонаққа баруға тыйым салуды;
15) 65 жастан асқан адамдарға және 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерді тұрғын үйден алып жүретін адамсыз шығуына тыйым салуды;
16) карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шегінде әкімшілік шаралар қабылдап, профилактикалық мақсатта БАҚ-та кеңінен жариялауды;
17) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталығының, қала, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардан басқаларға негізсіз көшеде жүруге тыйым салуды;
18) КВИ-сын жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды;
19) коммуналдық қызмет және әскери бөлімдерді тарта отырып, эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін қызметтік, жеке және жалданған көліктерді, аялдамаларды, қала, аудандар және елді мекендер аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, өңдеумен толық қамтуды және көрсетілген жұмыстарды тұрақты жүргізілуін қамтамасыз етуді;
20) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №31 қаулысымен бекітілген алгоритмге сәйкес блок-бекеттері мамандарының жұмысын күшейту және олардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуді.
2. Жергілікті Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қала, аудан деңгейінде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантиндік шараларды қатаңдатуды және олардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қызылорда облысының әкімдігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына:
1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33 қаулысымен бекітілген қосымшаларының орындалуын толық қамтамасыз етуді.
4. Қала, аудан әкімдіктері және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына:
1) діни мақсаттағы объектілердің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін, сауда үйлерінің, азық-түлік емес сауда орталықтарына қызмет көрсететін кәсіпкерлік құрылымдардың барлық түрлерінің, оның ішінде жеке тұрған азық-түлік емес дүкендері, фитнес-клубтар, тренажер залдары, спорт кешендері, бассейндер, көлік салондары, көлік қосалқы бөлшектер сату салондары, техникалық қызмет көрсету станциялары, көлік жуу орындары, химиялық тазартулар, кір жуу, фотоательелер, фотосалондар, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, гүл павильондары, оптикалар, ломбардтар, компьютерлік және интернет клубтар, букмекерлік және лото мото конторалар, бильярд клубтары, сұлулық салондары, барбершоптар, шаштараздар, спа-орталықтар, студиялар, сауналар, қоғамдық моншалар, көрмелер және басқа да осындай қызмет көрсету саласындағы объектілер, қонақ үй кешендері жұмыстарын, сондай-ақ тәуліктік пәтерлер мен үйлерді жалға беру және алу, үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары қызметтерін тоқтатуды;
2) штаттық режимде жұмыс жасайтын дәріханаларды қоспағанда,
азық-түлік гипермаркеттері, оптомаркеттер, супермаркеттер, минимаркеттер, дүкендер, азық-түлік сөрелері, бірінші кезекте қажетті тауарлар саудасы жұмысына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен 10.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін рұқсат етуді;
3) мейрамханалардың, дәмханалардың, асханалардың және басқа да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша 10.00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен рұқсат етуді;
4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтай отырып «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі бойындағы көліктерге қызметтер көрсету кешендерінде техникалық қызмет көрсету станциялары және қоғамдық тамақтану орындары «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша жұмыс жасауға рұқсат етуді;
5. Жергілікті атқарушы органдарға, Қызылорда облыстық полиция департаментіне, Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің сарбаздарын тарта отырып (келісім бойынша):
1) төтенше жағдай мен карантин қолданылатын кезеңде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қолдануды;
2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде, жағалауларда, көше балалар ойын алаңдарында, көп қабатты тұрғын үй аулаларында және азаматтардың өзге де демалыс орындарында негізсіз болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді;
3) азаматтардың негізсіз тұрғын үйлерінен шығуына және рұқсаты жоқ көліктермен жүруіне тыйым салуды;
4) азаматтардың үй карантині режимін сақтауды қатаң бақылауды;
5) провизорлық, карантиндік және инфекциялық стационарлардағы тұлғаларды күзетуді.
6. Қала, аудан әкімдіктері, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, облыстық денсаулық сақтау басқармасына:
1) карантин енгізуді (көпшілік іс-шараларына баруға және өткізуге тыйым салу);
2) медициналық-әлеуметтік нысанда тұратын адамдарды басқа бөлімшелерінің медицина қызметкерлерімен және персоналдарымен байланысты болдырмауды (медициналық қызметкерлер мен персоналды бөлімшелерге, топтарға, блоктарға және т. б. бекіту);
3) COVID-19 күдікті адамдар анықталған жағдайда изолятордың болуын қамтамасыз етуді;
4) күнделікті термометрия жүргізуді және тексеруді қамтамасыз етуді;
5) COVID-19-ға ұқсас көріністері және дене қызуы жоғарылаған науқастарды (және күдікті адамдарды) анықтауды және оқшаулауды қамтамасыз етуді;
6) медициналық-әлеуметтік объектілерде тұратын адамдарды қарауға және оларға қызмет көрсетуге байланысты медициналық қызметкерлері мен персоналдардың жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, қолғаптар, халаттар) пайдалануын қамтамасыз етуді;
7) санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беткі қабаттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау, үнемі желдету) күшейтуді;
8) жеке қорғаныш құралдарының, антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың жеткілікті қорын қамтамасыз етуді;
9) COVID-19 кезінде алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар мәселелері бойынша барлық қызметкерлерді толық қамтумен нұсқама жүргізуді қамтамасыз етуді.
7. Қармақшы ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі Арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына, Қызылорда облысының полиция департаментіне:
1) «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолдарындағы блок-бекеттерді енгізе отырып, Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округіне кіру және шығудың тоқтатылуын қамтамасыз етуді.
8. Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасына:
1) жер қойнауын пайдаланушылар мен сервистік кәсіпорындарда вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылар тізімін «Сергек-Блок-Пост» автоматтандырылған жүйесіне енгізуді.
9. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы және қала, аудан әкімдіктеріне:
1) коронавирусты инфекцияның профилактикасы бойынша Қызылорда облысындағы шектеу шаралары мен Қызылорда қаласындағы карантин режимі туралы әлеуметтік желілерде жадынамалар тарату, хабарландырулар, инфографика, видеороликтер, жүгіртпе жолдары арқылы жаппай түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуді;
2) «Қазпошта» АҚ филиалын қоспағанда, карантин кезінде облыстық және жергілікті баспа басылымдардың таралымын тарату уақытша тоқтатуды және баспа басылымдар материалдарды электронды нұсқаларда (сайттарда, әлеуметтік желілерде) жариялауды.
10. Екінші деңгейдегі банктерге, «Қазпошта» АҚ филиалына, айырбастау пунктеріне, пошталық, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарға:
1) банктердің ғимараттары мен мекемелерінде, бөлімшелерінде, төлем қабылдайтын орындарда, кассаларда қызметкерлер мен клиенттердің (пирометрлермен, қашықтық термометрмен) температурасын өлшеуді міндетті түрде сақтауды, кезектерде (1,5 метрден кем емес) ара қашықтықты сақтауды, бетперделік режимді, санитариялық-дезинфекциялық талаптар мен ережелерді қатаң сақтай отырып, халықты тиісінше қабылдауды ұйымдастыруды;
2) үй-жайлардың ішінде және іргелес аумақта, оның ішінде банкоматтар, кассалар жанында ұйымдастырылмаған кезектердің болуына жол бермеуді.
11. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанша бетперде киюге міндетті.
12. Барлық мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және меншік нысанына қарамастан мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
13. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 07 сәуірдегі №7, 2020 жылғы 11 сәуірдегі №8, 2020 жылғы 14 сәуірдегі №9 Қаулыларының 2020 жылдың 19 сәуір 00.00 сағаттан бастап күші жойылсын.
14. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
15. Осы қаулы 00.00 сағат 2020 жылғы 20 сәуірден бастап күшіне енетін 1-тармақтың 8) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қызылорда облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А. Абдикаимова

- Қызылорда облысының әкімдігіне: