» » Ауру жұқтырғандардың 3-уі қай ауданнан екені анықталды

Ауру жұқтырғандардың 3-уі қай ауданнан екені анықталды

  Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 3 жағдай  туралы  (08.04.2020 жылғы сағат 08:00-тағы мәлімет бойынша) облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен хабарлады.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі де Сырдария ауданында тіркелді. Барлығы да  коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты  карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.    
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
08.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 69 адам анықталды, Қызылорда қаласында – 9 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 35 жағдай, Сырдария ауданында - 4 жағдай, Арал ауданында – 1 жағдай.

08 сәуір 2020 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031