Синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес ақпан айы қарлы болады. Сондай-ақ, Атлантика аудандары мен Каспийдің оңтүстігінен циклондардың жиі өтуіне байланысты, елдің солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейіп, қар жауады. Боран соғып, оңтүстігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болатыны болжанған.
«Ауа температурасы: солтүстік жартысында түнде 25...35 аяз, күндіз 15...25 аяз; оңтүстік жартысында 10...20 аяз, күндіз 5...10 аязға дейін төмендейді. Нәтижесінде ауаның орташа айлық температурасы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында нормадан 1°С жоғары, қалған аумақта – нормаға жуық болады. Жауын-шашынның айлық мөлшері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл мен Алматы облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормаға жуық және одан көп, қалған аумақта – нормадан аз түседі деп болжанады», - деп жазылған хабарламада.