» » » ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ТЕРЕҢ ОЙ САЛДЫ

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ ТЕРЕҢ ОЙ САЛДЫ

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің сайтынан оқып, танысып шықтым. Мақалада Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, қазақ қоғамының дамуына қосқан айрықша үлесі кеңінен қамтылған екен. Сондай-ақ Елбасы ақын мұрасы баға жетпес құндылық әрі еліміз бен еліміздің ертеңі өскелең ұрпақ үшін аса қажет екенін атап өткен.
Тағылымы мол мақалада Тұңғыш Президент: «Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды» деген. Бұдан біз Абай Құнанбайұлының қазақ халқы үшін әркез рухани ұлы тұлға екенін аңғарамыз. Расында да біз қай тарапта, қай талапта жүрсек те өмірімізді, арман-мақсаттарымыз бен жоспарларымызды Абайдың ойлары мен пікірлерінсіз елестете алмаймыз. Өйткені, ақынның артында қалған мол мұрасы ешқашан ескірмейді, өз құндылығын жоймайды.
«Абай аманаты» атты мақаласында Елбасы: «Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында мен әрбір сөйлеген сөзімде ел бірлігі, ұлт татулығы мәселесін ұдайы еске салып отыратыным сондықтан. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында: «Біз де бүгін ұлтішілік татуластыққа да, ұлтаралық татуластыққа да, әлемдегі барлық ел, барлық халықтармен ынтымаққа да, мәдениеттер арасындағы сабақтастыққа да Абайша қарап, Абайша қастерлеуге ерекше мән береміз», – деген едім. Осы қағида – менің ешқашан айнымайтын өмірлік ұстанымымның бірі» деген. Иә, Абайдың бүгінгі биікке көтерілуінде Елбасының ерен еңбегі мен қажырлы үлесі бар. Тіпті, ақынның 175 жылдығының тойлануына да Елбасы бастамашы болды және бұл іс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жоғары деңгейде ұйымдастырылуда деп айтуға толық негіз бар. Бұл пікірді Тұңғыш Президент те қуаттайды. Ол өз мақаласында: «Өткен жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын ХХІ ғасырға қарышты қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл – менің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларымда қойылған мақсаттарды жүзеге асырудың заңды жалғасы және Абай мұрасын заман сұраныстарына сай қайта зерделеудің маңыздылығын білдіреді» деп нақты айтты.
Ендеше, «Абай аманаты» мақаласындағы орнықты ойларды әрбір ұстаз бен білімге ұмтылған жас оқуы керек. Себебі, ақынның аманатын ақтау баршамызға, оның ішінде ұстаздар мен жастарға артылған міндет. Өзім аталған мақаланы оқушыларға түсіндіріп, насихаттау жұмыстарын қазірден қолға алдым.
Жанна Сәркеева,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицейінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
07 қазан 2020 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031