Ғұлама Абай

Қазақтың бір туар ұлы, ұлы ақын, дана ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына биылғы жылы 175 жыл. Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлаған данышпан ойшыл. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Абай Құнанбайұлының шығармаларын қала халқына насихаттау мақсатында «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты Әдеби автобус шарасын өткізді. Дәйекті сөздермен, шарлармен, арнайы эмблемемен әсем безендірілген №1 бағыттағы автобус жолаушылары ақыннын парасатты ойларымен, жалынды жырларымен сусындап қана қоймай қосыла жырлады.
Абай Құнанбайұлы қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін, артына өлмейтұғын сөз қалдырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" мақаласы жарық көріп, көпшіліктің, оқырман қауымның қолдауына ие болды. Абай шығармаларындағы ғылым мен білім тақырыбына талдау жасаған мемлекет басшысы ақын тұжырымдары қазір де өзектілігін жоймағанын жазады.
Ақынның жастарды өнерге, білім алуға шақырған, адал еңбек етуге, халқына пайда келтіруге үндеген өлеңдерін №11, 176, №253 №217,№1 мектептің оқушылары жарыса мәнерлеп оқып, қара сөздерін жатқа айтты. Табиғат лирикасына ерекше мән беріліп, жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері нақышына келтіріліп оқылды.
Жолаушылар арасында ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан викториналық сұрақтар ойнатылып, дұрыс жауапқа сыйлықтар берілді. Кітапханашы А.Болатқызы шырқаған «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. «Абайдан қалған асыл сөз», «Абайдың қара сөздері» тақырыптарында арнайы парақшалар, QR- cod жүктемелері таратылып, ақын шығармалары кеңінен насихатталды.
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері. Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Осы орайды ақынның 37 қарасөзінен арнайы сөз жұмбақ ойыны ұйымдастырылды.
"Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді".-деген мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ой-тұжырымымен қоғамдық көліктегі шара қорытындыланды.
27 қаңтар 2020 ж. 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031