АБАЙДЫҢ ЖОЛЫ – ҰЛЫ ЖОЛ
Абай Құнанбайұлы – ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы. Абай – тек қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар түбі бір түрік халқының ұлы ақыны. Ақын шығармалары арқылы ғана емес, де қайраткер ретінде танылған. Қара халыққа қолынан келгенше жәрдемдескен. Байлық пен мансап қуып, әкесінің орнына болыс болудың орнына әрқашан әділет пен намыстың жоқтаушысы болды. Болыс болудың несі жаман? Барлық болыстар мен жоғары шен өкілдері Ресей үкіметіне бағынды. Олардың бағынудан басқа амалы болмады.
Себебі, ол уақытта барлық қазақ жері орыс саясатының ықпалында болды. Орыс князьдары мен басшыларының бұйрығы бойынша қыспаққа қарсы көтерілген қарапайым халықты басу осы болыстардың міндеті еді. Ресей үкіметіне қалталарын толтырып, айтқанды екі етпейтін нөкер керек еді. Халықтың тұрмыс тіршілігіндегі түсініспеушілік пен дауларына (жер дауы, жесір дауы, халық арасындағы теңсіздік, рулар арасындағы қақтығыстар) мән бермеуі ашуға тиді. Қара халықтың шағымдары мен пікірлерін елемей отырған билікке Абайдың өкпесі қара қазандай еді. Ол бұл ортаға кіріп, өзінің ар-намысын таптағысы келмеді. Олардан жиренді, теріс жолға түсуден аулақ болды. Болыстардың да арасында халқына жақсылық тілеген абзал жандар болды. Бірақ олар саусақпен санарлық еді. Кей болыстар отбасы мен туыстарының ықпалынан халықтың жағдайын көрмейтін соқыр, мылқауға айналған-ды. Бұл Семей округіндегі Абай ауылындағы қарапайым халықтың басты мәселесі мен тұрмысынан үзінді еді. Абай білетін, бұндай жағдай тек өзінің ауылында ғана емес, күллі қазақ еліне ортақ еді. Абай қай жерге барса да сыйлы қонақ, асыл адам болды. Оның өзі жете алмаған, өзі бара алмаған жерге шығармасы арқылы жетті. Шығармалары Абайдан бұрын халыққа жететін. Абайды ел таныды. Кейіннен асыл ақынның асылдығы арта бастады.
Ол орыс халқының да мұңын сезінді. Сол бір бейнет пен сол бір мұң. «Біз ғана емес өз халқын да аямайтын не деген өкімет. Өз халқын аямағанда бізді не істесін?». Ол өз білімін тереңдетіп, екі ұлт арасына көпір болды. Орыс тілін үйренді. Орыс ақындары Пушкин, Лермонтов шығармаларын қазақшаға аударды. Білімін көз жұмғанша тереңдетті. Өзі ғана емес балалары мен ауылдағы балалардың бәрін «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп білімге жетеледі. Айналасына ақ пейілді, сауатты, өнерлі, ынталы адамдарды ғана жақын ұстады. Адамның ішкі ойын ісінен-ақ түсінетін. Тілінен бал тамған, бірақ жеме-жемге келгенде сан соқтырып кеткендер де бар еді. Абай өзінің әрбір ойын қара сөздеріне қосты. Халықты өз түсінігімен сусындатқысы келді. Адасқан, жолдан тайғандарды түзу жолға салғысы келді. Оның ойы қазіргі қоғамға тірек сөз бен мотивация болды. «Абайдың жолы – ұлы жол». Абайдың әрбір сөзі қазақ намысын оятты.
Аида НАРЗІЛДА