Қызылордада Абайдың 175 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде атап өтілуде

Айта кетейік, басым бөлігі онлайн форматта ұйымдастырылды. Оның ішінде, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклімен басталып, мәдениет ұйымдарда республикалық ақындар айтысы, жазба ақындар мүшәйрасы, поэзия кештері, кітап көрмелері, Абай оқулары мен Абай әндерін орындаушылардың конкурс-концерттері барлығы 900-ге жуық мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Сыр елінде тұңғыш рет «Абай» операсы сахналанды. Қойылымға 100-ге жуық өнерпаздар қатысып, өңіріміздің мәдениеті мен өнерінің мәртебесін асқақтатты. Сондай-ақ, қазан айында облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Абай жұлдызы» атты музыка және поэзия кеші онлайн форматта өткізілді. Шара барысында Абай мұралары өнердің барлық жанрлары арқылы насихатталды. Ұлы ақынға арналған мәдени шаралар әлі де өз жалғасын табады», – деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұршат Наурызбаева.