» » Абай өлеңдерін оқып сайысты

Абай өлеңдерін оқып сайысты

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында «Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мен «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ү.ж. 10-11 тамыз күндері «Ақмешіт», «Титов», «Тасбогет» мөлтек ауданындағы аула клубында «Абай күні» мерекесіне орай мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Биыл қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, халқымыздың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен елімізде тұңғыш рет 10 тамыз «Абай күні» болып жарияланды. Алдағы уақытта бұл күн жыл сайын халықтық мейрам ретінде өткізіледі. Сол себептен мүмкіндігі шектеулі жандар мәнерлеп оқу сайысында ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының өлендерін мәнерлеп оқып, жатқа айтты. Сайысқа жиырмаға жуық мүгедектер қатысып, сыйлықтар табысталды.
04 тамыз 2020 ж. 410 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031