» » » Сыр еліндегі Жастар театры 23 қойылым сахналады

Сыр еліндегі Жастар театры 23 қойылым сахналады

Пандемия кезеңінде Сыр еліндегі Жастар театры онлайн форматта жұмысын жалғастырды. Театр ұжымы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арнайы онлайн өлең оқу эстафетасын, «Ұлттық ғашықтар» күні мерекесіне орай онлайн мәдени іс-шаралар ұйымдастырды. Ал, Отбасы күніне орай, қысқа метражды фильм түсіріп, көрермен назарына ұсынды.
Ең алғаш 2016 жылы құрылған Жастар театры өткен жылы 23 қойылым сахналап, көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Аз ғана уақыт ішінде көптеген республикалық фестивальдер мен конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанған театр ұжымы Қарағанды облысында ұлы ақынның 175 жылдығына орай өтіп жатқан «ТТТ» республикалық онлайн театрлар байқауында Оңталап Нұрмахановтың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…» атты қойылымын ұсынды.
Театр әртістері пандемияға дейін Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарына және Шымкент қаласы Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрында «Қыз қасқыр» атты қасіретнамалық қойылымымен гастрольдік сапарда болып, қалың жұртқа рухани азық сыйлады.
12 қараша 2020 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031