ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚЫЗДАРЫ

Оқиға барысы төмендегідей өрбиді. Сонау Қарағанды қаласынан келген қос серік Мәди мен Айдын Қызылорда сұлуларына таңқалғаны сонша, оларды қазақы салтпен алып қашқысы келеді. Мәди айдай әсем Жанайым атты бойжеткенге ғашық болып қалады. Ал Мария есімді орыс қызын ұнатып қалған Айдынның құйтырқы әрі күлдіргі әрекеті қойылым барысында көрерменді күлкіге қарық қылды. Оқиға соңында қалың жұртшылық керемет әнмен тербеліп, жастардың бақытына куә болды. Қойылымның өз мазмұнын жоғалтпай көрерменге жоғары дәрежеде жеткізе білген театр актерлері осылайша көрермен қошеметіне бөленді. Жалпы республикалық сахнада өнер көрсетіп жүрген «Жастар театры» бұл жолы да кәсібилігін дәлелдеді.
Дамир АМАНГЕЛДІ