» » » «Бүкіл ақша өзімде…». Алтынбек Рахметовтен құтылған Серік Ибрагимов қуанып жүр

«Бүкіл ақша өзімде…». Алтынбек Рахметовтен құтылған Серік Ибрагимов қуанып жүр

   Өткен жылы Алтынбек Рахметовпен арадағы әріптестігіне нүкте қойған Серік Ибрагимов „еркіндікке„ шыққанына дән риза! Бүгінде өз қалауымен жұмыс істейтін әнші жігіт, продюсерсіз пайдаға кенелудің тың тәсілдерін де тауыпты.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Алтынбек Рахметов Серіктің ән әлеміндегі жолын ашып, қарапайым қазақ баласын халыққа танытты. Продюсер шәкіртінің дүркіретіп тойын жасап, аяқтандырғаны тағы бар. Бірақ төрт жылға жуық әріптестіктің соңы, өткен жылы тосыннан үзілді. Бүгінде, жеке кеткен әнші жігіт, жетекшісіз-ақ еңбектенудің ұтымды тұстарын тізбектеп берді.
“Жекенің аты жеке, жақсы ғой. Барлық затты өзім шешемін. Өзім қабылдаймын шешімдерді. Кез-келген уақытта өзімнің кестеме сай қоя аламын кез-келген нәрсені. Және қаражат жағынан да ғой. Қаражат жағы да көбірек болады”, – дейді Серік.
Бұрындары қос тарап қаламақыны қақ бөлетін еді. Енді табыс тұтастай Серіктің қалтасына құйылып жатыр. Алтынбектен алшақ кеткен әнші продюсерсіз атқарған жұмыстарының жеңіл еместігін де жасырмайды.
“Өзің іздейсің, өзің табасың, өзің сөйлесесің деген сияқты. Және де сол Алтынбек ағамыздың тәлім-тәрбиесін алғаннан кейін, сол кісінің айтқаны сияқты, сол кісінің жасағаны сияқты жасағым келеді. Бірақ, әлі де біраз үйренерім көп қой”, – дейді Ибрагимов.
Бүгінде тынбай тер төгіп жатқан Серік, дәл қазір кезекті клипін таспалауда. «Қызғаншағым» деп аталатын бейнбаянның сюжетіне, жас жұбайлардың арасында туындайтын орынсыз кикілжіңдер арқау болған көрінеді.
“Болмайтын бір смс үшін ұрсысып қалып, айырылысып кетіп жатқандар бар. Түсініксіз бірдеңе үшін айырылысып кетіп жатқандар бар. Сондықтан, осындай нәрсені астарлап бергіміз келіп тұр”, – деп түйіндеді әнші.
17 сәуір 2018 ж. 1 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031