Сенің замандасың


Бексұлтан Санақұл – жас ақын. Өлеңдері – ойлы, сөзі – өткір. Мұңайтпасұлы Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Тоғыз-он жасынан бастап қара өлеңге, кітап, газет-журналға ерекше қызығатын ол өзі де қалам ұстап, алғашқы өлеңдерін жазды. Бүгінде туындыларының саны елуге жақындаған. Бексұлтан «Данқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 550 жылдығына» орай ұйымдастырылған қалалық ақындар мүшәйрасында «Салқам Жәңгір»номинациясының, М.Мақатаевтің 85 жыл толуына орай ұйымдастырылған қалалық көркемсөз оқу байқауының ІІ орын, Алматы қаласы ІІ Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының Бас жүлде,қалалық «Өлең-сөздің дүлдүлі – Жамбыл ақын» мәнерлеп оқу сайысының ІІ орын иегері атанған. Ақын білімсіз, талапсыз болса, өлеңнің қадірі қашады. Ал Бексұлтан – үлгілі оқушы, жақында «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері» бойынша өткен республикалық олимпиадада І орынмен марапатталыпты.
МҰҚАҒАЛИ АТАМДАЙ...
  Мұқағали – менің ұстаз ақыным,  
 Өлеңің мен өміріңе жақынмын.
 Жырларыңды жатқа айтып жүремін,
 Жігер менен қайрат, ақыл беретін.
Ақын ата болашағың парызды
Жалғастырам сізден қалған сол ізді
Ұрпағыма ұран етіп табыстаймын
Болашаққа жазатын бір арызды
Өлеңіңнен кетемін қайраттанып,
Шабыт келсе, тұорамын айбаттанып
Тіл түйреп өтіп, ойдан қозғап,
Өзіңдей кетемін мен жырға айналып.
Өлеңдерің маған сенім береді,
Көрінбейді сонда өмір қаталдай.
Бір ұққаным мына қысқа жалғанда,
Ақын болам Мұқағали атамдай.
28 желтоқсан 2017 ж. 1 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031