Павлодардағы қария Тұрсынбектің де мазасын алды
Отандық танымал әзілкеш басы дауға қалған Төреғали Төреәліні жақтап шықты. Тұрсынбек Қабатов бағдарламасына халық сынынан ұшыраған әншіні шақырып, оның Павлодарда басынан өткен оқиғасын еске салған деп жазады NUR.KZ.
Тұрсынбек Қабатовтың "Қайырлы кеш Қазақстан" бағдарламасына өнер көрсетуге шақырған кезекті жұлдызды қонағы Төреғали Төреәлі болған.
Танымал әзілкеш көптен бері концерттерде бой көрсетпей кеткен әншінің қал-жағдайын сұрап, Павлодардағы концерттің шырқын бұзған қария оқиғасын еске алды. Ол алдымен, Төреғалиге залда ол шалдың жоқ екенін айтып әзілдеп, қарт адамды өз концерті кезінде де көргенін айтты.
Тұрсынбек жүргізген концерті кезінде ол қария әзілкешке тиіскен болып шықты.
"Сені Павлодардағы концертінен кейін алғашқы рет көріп тұрғаным. Қысылмай айта бер. Залды өзім бір қарап шықтым, ешқандай шал жоқ мұнда. Бізде Павлодарға ат терлетіп бардық. Ол кісі біздің концертте де бой көрсептіп, мазаны алды", - деп айтты Тұрсынбек.
Өз оқиғасымен бөліскен әзілкеш Төреғали Төреәліні сынға ұшыратқан жағдайда толығымен әншіні жақтайтынын жеткізіп, елдің қошеметіне ие болды.