» » » Медианың миссиясы өзгере ме?

Медианың миссиясы өзгере ме?

Үкіметтің арнайы қаулысына сәйкес, енді 17 мамыр – Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі. Басқаша айтқанда, медиа салада қызмет етіп жүргендердің жеке-дара кәсіби мейрамы бекітілді. Алайда бұл қолына қалам ұстап, ақпарат таратуға асыққандардың мәртебесі өзгерді дегенді білдіре ме?
Бұл өзгеріс Президент Қ.Тоқаев­тың журналистер қа­­уы­мына деген оң көзқарасы мен қарым-қаты­нас дең­­гейін білдірсе керек. Се­бебі Мемлекет басшы­сы­­ның алдағы бес жылда ат­­қа­рар міндеті аз емес. Оның барлығын жұртқа жү­йелеп жеткізу сол медиа қо­ғам­дастықтың еншісіндегі қызмет. Алайда журналистер тек ақпарат таратушы болып қалуы тиіс пе? Бәлкім Қа­зақ­стан өзінің жаңа сая­си даму кезеңіне өткенде олар­дың да қоғамдағы орны өз­геретін уақыт келген жоқ па?
Төртінші билік деген сырттай таққан, дәстүрлі атауы болса да, бүгін отан­дық жур­налистер бел­гілі процес­терге ықпал ететіндей жағ­­дайда емес екені белгілі. Иә, ми­нис­трлік, әкімдік жа­нын­дағы түрлі қоғамдық кеңестерге, ұйымдарға мү­ше етіп шақыратыны бар. Кей кездері заңға сәйкес мем­лекеттік органдар журна­листік сауалдарға жауап та, есеп те береді. Ал кәсіби мерекесі жақындағанда түрлі марапаттарын тапсырып жатады. Алайда бұл жет­кі­лікті ме? Бұл сұрақтар Ба­тыс медиасының әлеуетін көр­­геннен туындайды. Сол BBC, Times, The Guardian, Financial Times, Washington Post-тардың жылдам, сапалы, ашық ақпарат таратуынан өз қоғамы ұтылған жоқ. Яғни, қазақстандық БАҚ та сол дең­гейге жететін кезі келгені қашан.
Әрине ол үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Ең алдымен – қаржы көзі. Телеарна, сайт, журналдардың жекеменшік иелікке өтуі олардың құлашын кеңге жаяды. Бірақ аталған мақсатты орындауға кедергі әттеген-ай жайттар бар. Біріншіден, олар өз қа­ра­­жатына өмір сүретіндей отандық ақпарат нарығы. 18,5 млн-дық нарық аздау және олардың барлығы ақпарат үшін ақша төлеуге даяр емес. Екіншіден, жарнама қаражаты да тұрақсыз. Тіл мәселесі алға шығады. Ірі компаниялар ескі түсінік бойынша орыс тілді ақпарат көздерінде жарияланғанды сүйеді. Үшіншіден, жеке ақ­шаға қызмет ете бастаған жур­налистер көбіне бір адам­ның не бір топтың сойылын соғуға көшеді. Журналистік ұстанымнан таяды. Оны 1990-2000 жылдардағы тәжірибе көрсетті. Төртіншіден, жеке жолым осы екен, қаралымы, көрсетілімі көбейсе, тапсырыс та артады дегендер ақпараттың са­пасын бұзады: әншінің жеген тамағын, бишінің киген көйлегін жаза бастайды. Оны қазір кәсіп қылған сайт қаншама.
Дегенмен, о бастағы ойға орал­сақ. Отандық медиа Ба­тыс­тық әріптестерімен те­ңесу үшін қойы­ла­тын ке­лесі шарт – ақпараттың сапасы мен жылдамдығы. Сапасы дегеніміз – мәліметтің тек­серілуі, сенімді көзден алы­нуы. Қазір әрбір адам әлеуметтік желідегі аккаунты арқылы ақпарат таратушы көзге айнал­ғанда БАҚ-тың шынайы хабар беруі аса маңызды. Оған Арыста апат болғанда тағы да көз жетті. Пәленше кісі көз жұмыпты, радиация тарапты деген жалған, фейк ақпарат желіні жаулап жатқанда ақиқатты хабарлау оңай емес. Жұрт қауіпті қауесетке жақын тұрады. Алайда шындықты жеткізу журналистің міндеті. Сондық­тан әрбір сайт, газет-журнал, теле­арнаның «сенімді ақпарат көзі» деген қоғамдағы имиджі де қажет көрсеткіш. Сондай сын сәттерде, ақпа­раттық вакуум орнағанда мем­лекеттік органдардың жыл­дам шешім қабылдап, ресми ақпаратты лезде әрі тұрақты беруі де маңызды. Бұл медианың өз миссиясын адал атқаруына, жағдайдың ушықпауына тікелей ықпал етеді.
Жалпы, уақыт өткен сайын дәстүрлі медиа мен әлеуметтік желідегі аккаунт иелерінің, блогерлердің белгілі шекарасы жойылып барады. Бүгінде аймақтық газеттердің орташа таралымы 10-20 мыңға жетсе жақсы. Республикалық те­леарналардың ортаңқол те­лежобаларын рейтинг көр­сеткішімен есептесек, 50-70 мың адам қарауы мүмкін. Ал кейбір әншілердің инста­грамдағы жазылушылар саны 2-3 млн-ға жетіп жығылады. Бұл 1 адам ғана 2-3 млн кісіге ақпарат таратушы дегенді білдіреді. Маңызды оқиға, ауыр апат бола қалғанда БАҚ ресми мәлімет жинап жүр­генде әлгі әнші, блогер естіген қауесет сөзге иланып, әлеуметтік желіге ойын жа­зып, 2-3 миллион оқырманын бірден «ақпараттандыруы» мүмкін. Бұл бір адамның жасауы мүмкін әрекеті. Ал егер бейресми, жалған хабарды мың адам бірден таратса, не болмақ? «Ақиқат шалбарын киіп жатқанда, жалған сөз әлемнің жартысын аралайды» деген екен У.Черчилль. Сол секілді бұл ақпараттық кеңістікті тұрақсыздыққа итермелейтін, тәуекелі жоғары процесс. Дәйексіз мәліметке сенген халық радикалды қимылдарға баруы ғажап емес. Сондықтан «Сөз түзелді. Тыңдаушы сен де түзел» деп Абай хәкім айт­пақшы, азаматтар да ақпа­ратты сүзіп, оны тек сенімді көздерден ғана алуға дағ­дылануы тиіс.
28 маусым тек медиа өкіл­дерін құттықтайтын ғана емес, сондай-ақ ақпарат аты­рабын қайта саралайтын, оның даму бағытын ой еле­гінен өткізетін күн деуге де болады. Әзірге отандық ақпараттық кеңістікте түрлі форматтағы, түрлі меншіктегі БАҚ бәсекеге түсіп жатыр. Медианың бөлек мерекесі бекітілді. Бірақ миссиясы мыз­ғыған жоқ. Ол – ашық, сапалы, сенімді ақпаратты жылдам тарату болып қала береді.
Дереккөз:Егемен.кз
30 маусым 2019 ж. 388 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930