САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
28 маусым ‒ Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Кәсіби мерекеге орай облыста жылдағы дәстүрмен мерекелік шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға «Сыр Медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев қатысып, сала мамандарын мерекемен құттықтады.
‒ О баста ғалам пайда болғанда қалам да бірге жаратылған деген дерек бар. Осы орайда қолына қалам ұстап, сөз өнерін бағалаған барлық әріптестерді мерекемен құттықтаймын, ‒ деді А. Сақыпұлы.
Шара барысында ҚР Журналистер Одағының арнайы дипломымен облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Г.Мағлұмқызы, «Кызылординские вести» газетінің бөлім меңгерушісі Қ.Камалұлы, «Qyzylorda» телеарнасының аға редакторы Б.Бұғыбайқызы, Қызылорда қоғамдық телеарнасының аға редакторы Б.Рахатқызы, Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бөлім меңгерішісі Н.Қазбеков, республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің дизайнері А.Құрманқызы марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Журналистер Одағы ұйымына 13 сала маманы мүшелікке өтті.
Гүлдана ЖҰМАДИНОВА