» » » Президенттік жастар кадр резервіне үміткер тіркеу аяқталды

Президенттік жастар кадр резервіне үміткер тіркеу аяқталды

    Бұл туралы ҚР МҚІА Төрағасы Анар Жаилғанова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Тіркелген 13 мыңнан астам отандастарымыздың 7312-і қажетті құжаттарды жүктеп, белгіленген мерзімде тіркеуді сәтті аяқтады. Ол үшін оларға 30 күн берілді.
Резервке тек 300 үздік және барынша дайындалған жастар қабылданады. Осылайша, бір орынға 24 үміткерден келіп отыр.
Тізімде еліміздің барлық өңірлерінің өкілдерімен қатар, шетелдегі қазақстандықтар бар. Үміткерлер арасында - жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес, бизнес және квазимемлекеттік сектор өкілдері, алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері, «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері және қатардағы мемлекеттік қызметшілер.
Олардың барлығы вербалды және сандық болып екі блоктан құралатын іріктеудің екінші кезеңі - тестілеуге қатыса алады. Бұл қатысушылардың күрделі мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілер арнайы білімді бағаламайды, сондықтан теориялық материалдар бойынша алдын ала дайындықты талап етпейді!!
Қатысушылар тест және оның тексеруін Pkrezerv.kz онлайн-платформасы арқылы өтеді.
Үміткерлер тестілеуден 12 қазанда өте алады.
Келесі кезеңдердің мерзімдері туралы - эссе жазу, жобаларды таныстыру, құзыреттілікті бағалау, Сараптамалық комиссияда әңгімелесу және Ұлттық комиссияда қатысушылардың кандидатураларын қарау туралы біз Pkrezerv.kz сайтында, Фейсбуктегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі/Агентство РК по делам госслужбы, Президенттік жастар кадр резерві/Президентский молодежный кадровый резерв парақшаларында хабарланады.
30 қыркүйек 2019 ж. 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031