Жұлдыз – жорамал

  Тоқты
    Көп уақытты серуендеп, көңіл көтеруге арнаңыз. Қиын күндерді ұмытып, жаңа күнге жаңа көзқараспен қараңыз. Бұл апта сіз үшін өте маңызды, сондықтан шешімді асықпай қабылдаңыз!
Торпақ
   Аптада жоспарыңыз түгелдей орындалады. Сол себепті уақытты үнемдеген жөн. Сізді ерекше мүмкіндік күтіп тұр. Сондықтан барлық жақсылықты қуана қабылдай біліңіз.
Егіз
 Уақытыңызды құр текке өткізе бермеңіз. Батыл әрі нақты сөйлей біліңіз, бір нәрсені ойласаңыз,  жоспарды міндетті түрде орындауға тырысыңыз.
Шаян
 "Жұмыс, карьера" деп өзіңізді ұмытпаңыз. Айналаңыздағы адамдардан еш қорықпай, батылырақ бола түсіңіз. Сізді ешкім де қорқытып, үркіте алмайды. Ойыңызға келген мақсатты нақты жоспарлап, орындай біліңіз. Жаныңыз қалаған нәрсені жасауға тырысыңыз.
Арыстан
 Сізді маңызды бір кездесу күтіп тұр. Сондықтан жүрген жүрісіңізге де, киген киіміңізге де аса мән берген жөн. Қызметіңіз жоғарылап, көп жетістіктерге жетесіз. Дегенмен жақсылық жасаған адамдардың қадірін біліңіз.
Бикеш
   Жақыныңызға сізден көмек керек болады, сондықтан қасында болғаныңыз жөн. Егер бір кездесу бола қалса, ол сіздің өміріңізді өзгертуі де мүмкін. Апта соңында күтпеген тосын сый болғалы тұр.
Таразы
    Жоспарыңыздың көп бөлігі орындалайын деп тұр. Егер сіз тырыссаңыз керемет жұмыс тауып қалуыңыз мүмкін. Жақын жандардан да көмек сұраған жөн.
Сарышаян
  Сіздің айыңыз оңынан туып, жұлдызыңыз жарқырайтын күн алыс емес. Жақындарыңыз қолдау көрсетіп, өзіңізді тағы бір қырыңыздан көрсететін кез туды. Егер сіз осы бетіңізден таймасаңыз, аз күнде биіктен көрінетініңіз анық.
Мерген
  Махаббатта жолыңыз болады. Тек жүрегіңізді тыңдаңыз. Қаражат жағынан қиындық туындауы ықтимал. Сондықтан қаржыңызды үнемдеп жұмсаңыз. Жұлдыздар көп серуендеуге кеңес береді.
Тауешкі
  Қаражат жағы қалтаңызды жұқартуы мүмкін. Қиындық туындауы ғажап емес. Жақын арада кәсіп бастаған жөн.
Суқұйғыш
    Өз күшіңізге сенесіз әлі талай белесті бағындырасыз. Тек жоспарды бір пысықтап алыңыз. Отбасылық демалыстың сізге тигізер пайдасы зор болмақ.
Балық
      Бұл аптаны отбасыңызбен өткізіңіз. Жұмысты, жоспарды ысырып қойып, жақындардың қасында болыңыз. Өмірдің қызығын сезініп, отбасылық жылулықтың қадірін түсініңіз. Апта сіз ойлағаннан да қызықты өтеді.
16 сәуір 2020 ж. 415 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031