ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ


(12-18 шілде)
ТОҚТЫ
Күндеріңіз тамаша өтеді. Сізді тосын сый күтіп тұр. Жан-жағыңызға мұқият болыңыз. Сүйіктіңіз жаныңызда жүруі мүмкін. Достарыңызбен көңілді кешке барып, уақытты тиімді өткізіңіз.
ТОРПАҚ
Апта сәтті басталады. Ойын-сауық кештерге баруыңыз мүмкін. Уақытты сергек өткізуге тырысыңыз. Аздаған қиындық болады. Сізге кейбірі тіпті қиын тиюі мүмкін. Бірақ барлық мәселенің шешімін табасыз.
ЕГІЗ
Жұмысыңыз алға басып, қалтаңыз қалыңдауы мүмкін. Алайда, ақшаңызды бекерге ысырап етпеңіз. Бәрін орнымен жұмсаған абзал.
ШАЯН
Адамның жаман қасиетіне назар аудармаған жөн. Достарыңыздың арасындағы қатынас бірқалыпты болғанмен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алады. Жақындарыңыздың жаман мінезін емес, жақсылығын көре білген өзіңізге де жеңіл болады.
АРЫСТАН
Алға қойған мақсатыңызбен таңдаған жолыңыздан таймай тер төгуге тура келеді. Сіз үшін жеңістің құны ауыр болмақ. Не болса да берілер мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
БИКЕШ
    Сіздің əр нəрсеге қызығушылығыңыз артады, көп сұраққа жауап алып, көп нəрсені сатып алғыңыз келеді. Бірақ бұл əрекетіңіз көпшілікке ұнамауы мүмкін, сол себепті өз іс-əрекетіңізге сақ болыңыз.
ТАРАЗЫ
Жеке өміріңіздің қиындығына бөтен адамдарды араластырмай, өзіңіз шешіңіз. Досыңызбен ара-қатынасыңызға жақын туыстарды араластырмаңыз. Аптада өзіңіз сағынған достарыңызбен кездесіп қалуыңыз мүмкін.
САРЫШАЯН
Апта сіз үшін жаңа идеяға толы болмақ. Бір минутты да босқа өткізбеуге тырысыңыз. Өзіңізді жан-жақты жетілдіруге таптырмас кезең. Жақсы адамдармен танысуыңыз мүмкін. Мұндай таныстық өзіңізді, орныңызды табуға көмектеседі.
МЕРГЕН
Айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңыз өте тамаша. Апта келіссөздер жүргізуге өте қолайлы. Барлық адам сізге қызығады. Осы қарқынмен жүре берсеңіз, жетістігіңіз көп болмақ.
ТАУЕШКІ
Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керегі айдан анық. Сондықтан қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.
СУҚҰЙҒЫШ
Дос арасынан сатқындыққа тап боласыз. Сол себепті көңілсіз жүресіз. Бірақ қызметіңіз жоғарылап, көңіл-күйіңіз көтеріледі.
БАЛЫҚ
Өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл аптада жұлдыздар сізге белсенді болмауға кеңес береді. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін көресіз.
12 шілде 2018 ж. 1 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031