» » ЖАҢА ЗИЯТКЕРЛІК СЕРПІН

ЖАҢА ЗИЯТКЕРЛІК СЕРПІН


Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №267 орта мектепте «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру: жаңа рух, жаңа зияткерлік серпін» атты тақырыпта семинар өтті. Оған облыстық білім саласы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шыналы Байділдаев пен қалалық білім бөлімінің әдіскері Рита Мұқашева қатысты.
Шарада «Туған жер» бағдарламасы аясында патриот тұлға тәрбиелеу, «100 жаңа есім» шеңберінде мектеп тарихын зерттеуге ден қою, «100 жаңа оқулық» бағдарламасымен кітапхана қорын толықтыру мәселесі талқыланды. Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес «Сапалы білім беру: Тәжірибе мен ізденіс» тақырыбында ашық сабақ өтіп, «Сын тұрғысынан ойлаудағы диалогтік оқытудың маңызы» атты коучинг ұйымдастырылды. Ал  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Л.Арихова «Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі» тақырыбында мұғалімдерге тренинг ұйымдастырса, қобыз үйірмесінің жетекшісі Ж.Сұрағанқызы «Қыл қобыз және домбыра күйлерінің прима аспабында орындалу ерекшеліктері» атты ашық сабақ өткізді. Оқушыларды сергіту мақсатында «Атамұра» оқушылар ансамблі ән салып, «Қырмызы» бишілер тобы мың бұралып билеп өнерін ортаға салды.
01 ақпан 2018 ж. 1 097 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031