» » » ҰСТАЗДАРҒА ҮЛКЕН ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ҰСТАЗДАРҒА ҮЛКЕН ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

‒ Қазіргі қоғамдағы ахуал бәрімізге белгілі. Әлемді алаңдатқан пандемия білім саласына едәуір деңгейде ықпалын тигізуде. Осы орайда оқушылардың сапалы білім алуы, қауіпсіздігі ‒ басты назарда. Бір айта кетерлігі, осындай сындарлы сәтте ұстаздарға жоғары жауапкершілік жүктелуде. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында сөз қозғап, ерекше назар аударды.
"Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтеру жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді", ‒ деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Жолдауда Мемлекет басшысы қашықтан білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды.
"Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні уатсаптан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар біріңғай онлайн беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне әзірленген жөн. Бұл әсіресе, мектеп үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алу қажет", ‒ деді Президент.
Жолдауда білім саласына көрсетілетін қолдау мен жүйе кемшіліктері анық айтылды. Алдағы уақытта оқушылар мен ата-аналар үшін мемлекет тарапынан осындай мүмкіндіктер көбейе беретініне сенімдімін.
Бағжан БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
мұғалім:
02 қыркүйек 2020 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031