» » Мұғалім мәртебесі – мемлекет абыройы

Мұғалім мәртебесі – мемлекет абыройы

   Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жолдауынан  еліміздің бүгіні мен болашағы үшін жасалған игі бастамалардың қашан да маңызы зор екенін аңғардық. Жолдауда мұғалім мәртебісін көтеру мәселесі қозғалды. Мемлекет басшысы 2020 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өсетінін айтты. Бұл ұстаздар үшін үлкен жауапкершілік болатыны анық. Ұстаз мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі саналады. Қазіргі бәсекеге толы дүниеде мұғалімдік қызметке барынша дарынды адамдарды тарту өмірлік қажеттілікке айналады. Елбасы Жолдауындағы педагог мәртебесін көтеру жайындағы жаңалық  тек ұстаздар қауымын ғана емес барлық қоғам мүшелерін қуантты десе де болады. Өйткені еліміздегі әрбір балалы жанұя ерте ме, кеш пе мектеппен байланысты болады. Баласына білім мен тәрбие беретін мұғалімінің жалақысының аз, тұрмысының жұтаң болғанын ешкім де қаламайды.
Бақберген ӘБІЛҚАСЫМ,
 №10 Ы.Алтынсарин атындағы
мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті
 пәнінің мұғалімі
02 қыркүйек 2019 ж. 1 336 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031