» » » Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түсті – Сенатор

Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түсті – Сенатор

Сенатор Дана Нұржігітова Ата заңға сәйкес мызғымас ұстындардың кепілі болатын тұлға – Президент екенін және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын шақта, тағдырымыз тарих таразысына түскен кезеңде азаматтардың басты құқықтарының сақталуына бар күшін салып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ал заң шығарушы органдар өмірдің өзі белгілеп берген өзгерістерге заңдық негіз болатын сапалы құжаттар әзірлеу жоспарын пысықтап, мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға белсене атсалысып жатыр», деді сенатор.
Ол өз сөзінде үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығы адамзат тарихындағы түбегейлі өзгерістерден басталып отырғанын және ол өзгерістер өмірдің барлық саласын шарпығанын, тұрмыс, сана, экономика, саясат, бәрі өзгеріп жатқанын айтты.
Дана Нұржігітова «Болашақ ұрпақ бұл кезеңге баға бергенде пандемия кесірінен немесе пандемияның арқасында деп саралайтын болады. Бірақ осындай тұрақсыздық жағдайында мемлекеттілікті нығайтып, тұрақтылықты, адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін константа, басты құжат бар. Ол – Конститутция. Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түскенін көріп отырмыз», деді.
Сөз соңында сенатор қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты құжаты, Ата заңымыз қабылданған Конституция күнімен құттықтады.
30 тамыз 2020 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031