» » Президент дәрігерлерге, құқық қорғау қызметкерлері мен волонтерлерге алғыс айтты

Президент дәрігерлерге, құқық қорғау қызметкерлері мен волонтерлерге алғыс айтты

 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Парламенттің кезекті сессиясының жұмысы өте күрделі кезеңде басталып отыр. Елімізде жер жаһанда зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардң өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды. Індетпен күрес дана халқымызға тән асыл қасиеттердің арқасында жүзеге асты. Өзгеге қол ұшын созып, тілеулес болып, тосыннан келген кеселге қарсы тұру маңызды екені анық байқалды. Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жайқалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер», – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау барысында.
ҚР Президентінің айтуынша, бұл – Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі.
01 қыркүйек 2020 ж. 341 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031