» » » Құтқарушылар 200 адамның өмірін аман алып қалды

Құтқарушылар 200 адамның өмірін аман алып қалды

   Жыл сайын шамамен облыста 2 мыңға жуық апаттық жағдай орын алады. Соның барлығында құтқарушылар қызмет етеді. Мәселен, жыл басынан бері 200-ге жуық адамның өмірін аман алып қалды. Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай қызылордалық құтқарушылардың технопаркі екі өрт сөндіру көлігімен толықты. Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдарда жалпы жүзден астам арнайы техника бар.
– Құтқарушылар күн сайын қандай қиындыққа тап келсе де, қауіп пен қатерге бас тігіп, өзгенің өміріне араша түседі. Нағыз батыр, қайсар жандар. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді облыстық жұмылдыру дайындығы баскармасы басшысынын орынбасары Бағдат Әлиев.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасы жыл сайын нығайып келеді. 2018 жылы Арал ауданындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, өткен жылы Қызылорда қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімі жаңадан салынды. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерде 22 өрт сөндіру бекеті ашылды. Алдағы уақытта 10 бекет салынбақ.
– Соңғы 3 жылда департаменттің бөлімшелеріне 5 бірлік өрт техникасы, 6 көмекші техника және 119 бірлік құтқару жабдықтары мен жүзу құралдары алынды. Тұрғын үйлердегі өрттің саны – 15 %, су объектілерінде орын алған оқиғалар – 17 % азайды. Ал адамдардың өрттен қаза болуының саны 20 пайызға кеміді. Бұл түсіндірме жұмыстардың нәтижесі, – деді облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов.
20 қазан 2020 ж. 321 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031