» » ТӘУЕЛСІЗДІК– ЕЛІМНІҢ ЕРКІН ЖОЛЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК– ЕЛІМНІҢ ЕРКІН ЖОЛЫ


«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын
қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі». Бұл  − Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік күніне берген анықтамасы. Халық, ел, ұлт, мемлекет болып қалыптасу үшін ең қажетті алғышарттардың бірегейі − оның егемендігі, өзге жұрттан тәуелсіз, даралығы, халқының бостандығы. Ата-бабамыз тарихтан сыр шерте отырып, ұрпағына қашан да бірлік, елдік, ерлік, жайлы насихаттаудан тынған емес. Еліміздің сан қилы тарих қатпарларынан қол бұлғаған қанды қырғын мен небір зұлмат соғыстар, түрлі шайқастар, боздақтардың жаны қиылған оқиғалар... Бұлардың бәрі де бір ғана мақсатты, бір ғана мүддені көздегенін көреміз. Сан ғасырлар бойы келе жатқан халық арманы, үкілі тілегі − қазақ боп қалыптасқан, тарих ізімен екшеліп, осынау уақыт аралығында ұлттық мақсаты айқындалған, қадір-қасиетімен астасқан ұраны бар тәуелсіз ел атану еді.Ақыры кешегі «желтоқсанның мұздағы алауының» қызуы елдің үмітін жағып, Тәңір қолдап, еліміз өз тәуелсіздігін еншіледі. Елін сүйген Елбасы бұл мерекенің мән-маңызы, артықшылығын мәңгі жойылмайтын құндылығын өз халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында қайталаудан талмайды.
 «Құм да ақ алмасты жасыра алмайтыны» секілді көкіректегі ұлттық рухты бүркемелей алмаған тарих ақыры «Қазақ» деген қастерлі ұлттың өз тәуелсіздігін еншілеуіне бұғау бола алмады. Осындай елең-алаң жағдайда бітімі бөлек қайраткерге ғана тән қайсарлық пен батылдықтың, саяси ерік-жігер мен өршілдіктің үлгісін көрсеткен Президент Н.Назарбаев Қазақстан тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы тәуелсіз мемлекетімізді дер кезінде табандылыққа, талантты ұштап, талап қылуға шақырды.  Бұл құжаттың әрбір тармағында елімнің кемел келешегі үшін жасап жатқан еңбегінің ізі мен болашаққа батыл қадамдар жасалған. «Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз – жүрекке де жетеді» емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Ата-бабаларымыз сынды даналық, кемеңгерлік, жыраулық, шешендік қасиеттер өн-бойынан табылған Нұр-аға – тарихымызға шолу, барлау жасап, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті.
Ұлттық кодты сақтай отырып, «Мәңгілік ел» мінберіне мүлтіксіз жеткізу үшін елеулі еңбек етуге бел шештік. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, сананың ашықтығы, туған жер, секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.
Мақбал ЖУСАНБАЕВА,
№40 А.Қыраубаева атындағы
 орта мектептің мұғалімі,
Шиелі ауданы.
15 желтоқсан 2017 ж. 1 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031