«МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ»
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы аясында «МӘҢГІЛІК ЕЛ – БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ»облыстық патриоттар форумы өтті. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алған. Елбасы мақалада «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деп атап өткен болатын. Форуым аясында қоғамдық жұмыстар мен өз саласында белсенді еңбек еткен бірқатар азаматтар марапатталды.