» » » Халықаралық сәулетшілер конгресі басталды

Халықаралық сәулетшілер конгресі басталды

Бүгін 16 шілде күні Астанада елорданың 20 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігі, Астана әкімдігі мен Қазақстан Сәулетшілер орталығымен бірлесе ұйымдастырылған Халықаралық сәулетшілер конгресінің ашылу рәсімі өтті.
«2018 жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған кезекті Жолдауында Астана үлгісінде Smart city эталонын қалыптастыру міндетін қойды. Өз мерзімінде қойылған міндет жаңа технологиялардың жылдам енуіне әсер етті. Дамып жатқан ел үшін, қоғам үшін бұл бүгінде ең басты тренд болып отыр. «Астана Innovations» компаниясы осы тапсырма төңірегіндегі жұмыстарды атқаруда жетекші орынға шықты. Инновацияны тұрғын үй шаруашылығы мен қауіпсіздіктен бастап әлеуметтік блокқа дейінгі әртүрлі салаларда енгізуде үлкен тәжірибеміз бар. Ал бүгін ақылды қала жүйесін құру туралы сөз қозғап отырмыз», - деді «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаев.
Ол инновацияны енгізуде тұрақты даму принциптері, жасыл технология, урбанистика, смарт жоспарлау секілді маңызды элементтерді қолданбай қажетті табысқа жету мүмкін емес екенін атап өтті.
«Астанада тұрақты даму принциптерін енгізуге арналған келесідей бағдарламалық құжаттар жүзеге асырылып жатыр: Астананың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы; тұрақты дамудың 17 мақсаты айқындалған БҰҰ бағдаралмасы, оның алтауы Астанаға сәйкес келеді; сондай-ақ ЭСДҰ стандарттары бар. Осы құжаттардың бәрі Астананы дамыту үшін анықталған 20 қадамды бағдарламаны құруда негізгі платформа болып отыр», - деді ол.
16 шілде 2018 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031