» » » ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» деген еді.
2017 жылдан бастап жүзеге асырылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты – жанашыр жандарды, елге үлгі боларлық азаматтардың тәжірибесін тарату.
Шиелі ауданындағы қазіргі Ыбырай Жақаев ауылы елімізге танымал ауылдардың бірі. Ауыл іргетасы сонау 1929 жылы қағылған. Ауылдың тұңғыш қадасын қағып «Қызылту» деп атын қойған алғашқы төраға – Сыздық Боқайұлы. Қайраткерді еске алуға арналған «Сыздық Боқайұлы туралы сөз» ғылыми-танымдық конференция Ы.Жақаев ауылдық Мәдениет үйінде өткізілді.
Конференцияны ашқан Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы Сыздық Боқайұлының азаматтық тұлғасы, қайраткерлік қасиеті мен іскерлік қабілеті туралы айтып өтті.
Мұнан соң көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Шиелі ауданының Құрметті азаматы», Сыздық Боқаевтың ұрпағы Қуандық Түменбай баяндама жасады. Ал филолог-ғалым, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахет, көзін көріп, қызметтес болған еңбек ардагері Ұлман Мәміреева естеліктер айтты.
Сыздық Боқайұлы Кеңес үкіметі құрылған 1917 жылдан бастап 1924 жылдарға дейін «Ташкент-Орынбор» темір жолында томар тасушылар бригадасын басқарған. Кейінгі жылдары МТС директорының көмекшісі, директоры, аупартком нұсқаушысы т.б қызметтерді абройлы атқарған.
Осы күні Иіркөл ауылдық округі, Ы.Жақаев ауылындағы Сыздық Боқаев атындағы көшеге ескерткіш-белгі қойылды. Бұған қоса, аудан ардагерлері арасында С.Боқаевты еске алуға арналған шахматтан жарыс өткізілді.
Осындай ерекше мінезімен ерекшеленіп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен еңбек ардагерлерін кейінгі ұрпаққа үлгі қылып қалдыру мақсатында үлкен шаралар ұйымдастырылды.
08 тамыз 2018 ж. 1 108 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930