Жыр-дариям

Jyr jazamyn
Жазғым келді жүрегімнен жыр-алау,
Сыр Анама асыққаным содан-ау...
Мұң-шерімді тарқатып бір келгенде,
Үнсіз ағып, жабырқады жағалау...

Ойға батып отырдым мен сан қилы,
Толқындар да тебіреніп толқиды.
Кең тыныстап, алайыншы дем жұтып,
Дариямның иісі жұпар аңқиды!

Иісің ғажап, бір ерекше дем берген,
Оңашада сыр шертуге келгенде.
Бұйра толқын өзіңменен сырласып,
Бойым балқып мол сезімге бөленем.

Мұң шақтың деп жыр-дариям сөкпеші,
Жол көрсетіп желкенімді тіктеші.
Қатты ағынға қарсы жүзіп бейбақтың,
Өтіп кетті ашық аспан көп кеші...

Мендегі бар мұңдарымды тұңғиық,
Тереңіңе тастау үшін сүңгиік.
Асау толқын ағынымен əкетсін,
Көңіліме қалдырмастан мың күйік!

Шексіз...

Түн ұйқымды ұрлатып ап жүргенім,
Ішімде дерт, ал, сыртымнан күлгенім.
Түні бойы ойлар қармап не түрлі,
Сырларымды кімге айтам білмедім.

Түн сырласым,түн мұңдасым болды да,
Сан жұлдызға созып көрдім қолды да.
Тұнық айға тұнып тұрған мұң шақтым,
Зіл-батпан боп көкірегімде толды да...

Не қиындық болса-дағы басымда,
Алла барын ұмытпадым қасымда.
Түн-түнімен жəрдем тілеп егілсем,
Тəңірі үшін төгілді көз жасым да...

Алға баспай жатса егер кей тірлік,
Абайсызда жасап қоям күпірлік.
Ей, Аллаһым, кешірші деп сол мезет,
Иманға кеп тəубе еттім шүкірлік.

Шексіз аспан, жұлдыздарда есеп жоқ,
Менде солай шексіздіктер өте көп.
Бəрі Алланың демеуімен болуда,
Шексіз сабыр, төзімімде есеп жоқ...

Махаббатым ол да шексіз Аллаға,
Жеткіздірген осы ала таңдарға!
Сансыз шүкір алғыс айтып өтемін,
Рахым төккен мен сүйетін жандарға!

Хаһ Тағалам естіп, бəрін көреді,
Жүрек тыншып Одан жəрдем тіледі.
Жатып бір уақ көз шырымын алайын
Түн сөйліп, таң білініп келеді...

Гүлдана СЕРМАХАН

13 қыркүйек 2018 ж. 809 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031