Әр қазақстандықтың баспана көлемі ұлғаяды – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты телеэфирде жасаған мәлімдемесінде ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады. Соның бірі – халықты баспанамен қамтамасыз ету.
«ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашады. Алдымызға жаңа тапсырма қоямыз - әрбір қазақстандықтың тұрғын үй көлемі қазіргіге қарағанда ұлғаю керек», - деді Мемлекет басшысы.