» » » 4990 кәсіпкер #InfoKazakhstan платформасына өтініш берген

4990 кәсіпкер #InfoKazakhstan платформасына өтініш берген

   

14 тамызда жұмысын бастаған https://infokazakhstan.kz/ порталына бүгін, 19 тамыз сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша 4990 кәсіпкер өтініш берген.
Өтініш берген кәсіпкерлердің 3924-і дайындық актісін алып, жұмысын жүргізуде. 330 кәсіпкер мониторингтік топты күтіп отырса, қалған өтініштер қаралуда.
https://infokazakhstan.kz/ порталы арқылы тексерусіз, хабарландыру түріндегі актісін алған кәсіпкерлердің бірі Қармақшы ауданындағы оқу орталығының иесі Манат Көбекова: «Оқу орталығының жұмысын бастау үшін InfoKazakhstan платформасы арқылы дайындық актісін алдым. Оған дейін орталықты барлық санитарлық талаптарға сай дайындап қойған болатынмын. Актіні алу қиындық тудырмайды және көп уақытты алмайды. Тек электронды цифрлы қолтаңбаң болса жеткілікті. Барлық кәсіпкерлерді аталмыш порталда тіркеліп, жұмыс жасауға шақырамын», – дейді.
Ерекше мән беретін жайт, кәсіпкерлер https://infokazakhstan.kz/ өздері өтініш беріп, қызметті жылдам ала алады. Техникалық мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлерге Кәсіпкерлер палатасының Қызылорда қаласы мен аудандардағы мамандары қызмет көрсетуде. Порталға тіркеу ақысыз, ТЕГІН.
Айта кету керек, ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес кәсіпкерлер жұмысын InfoKazakhstan платформасына тіркеліп, жұмыс жасауға дайындық актісін алу арқылы бастай алады.
Бизнес түрлерінің басым бөлігі, тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылып, мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметін бастай алады.
Жұмысты тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастауда ҚАРАПАЙЫМ ҮШ ҚАДАМ:
1-кадам. InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеу.
2-қадам. Бас санитарлық дәрігердің қаулысынжүктеу және кәсібіңізге қойылған санитарлық талаптармен танысып, оны электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау.
3-қадам. Жеке кабинетте және электронды поштада дайындық туралы актісін алып, жұмысты бастау.
Тексерудің болмауы, жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық бақылау, кез келген келуші бұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органға жібере алады.
Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері, бильярд және боулинг залдары.
4-қадам. Егер кәсібіңіз көпшілік жиналатын нысандар, балалармен тактильді қатынас жасалатын бизнес түріне жатса, онда жұмысты бастауға рұқсатты алу үшін санитарлық талаптарға сай келу бойынша тексеруден өту қажет, яғни рұқсат беру тәртібі қолданылады. Бұл қажетті процедура деп санаймыз.
Порталда толтыру процедурасы да қиын емес.
1-қадам.InfoKazakhstan сайтына кіріп, нысанды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, бас санитарлық дәрігер қаулысын жүктеп, кәсіп түріне қойылған талаптармен танысу қажет. Талаптармен мұқият танысып, электронды цифрлық қолтаңба арқылы растау қажет!
2-қадам. Нысанды санитарлық талаптарға сәйкес дайындау.
3-қадам. Мониторингтік топтың тексеруінен өту.
4-қадам. Егер бәрі дұрыс болса, сайттағы жеке кабинеттен және электронды поштаға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін – жұмысты қайта бастауға рұқсатты алып, жұмысты бастау.
Электронды рұқсатты басып шығарып, соның ішінде мониторингтік топтың келуі жағдайына қарай рұқсаттың қағаз көшірмесін іліп қою қажет.
Айырмашылық тексеруде ғана, егер өтінім берген соң нәтиже теріс шықса, онда тексеруден екінші рет өтуге болады.
Кәсіпкерлерге кеңес беру үшін 1432 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді (қоңырау шалу тегін), Қызылорда облысы бойынша 8 /7242/ 40-02-02. Сонымен қатар t.me/infokazakhstan телеграм-канал іске қосылды, онда портал жұмысына қатысты соңғы жаңалықтар және бизнес өкілдеріне басқа қызықты ақпарат жарияланады.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
19 тамыз 2020 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031