» » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАҒДАР БЕРІЛДІ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БАҒДАР БЕРІЛДІ


Экономикалық сот судьялары кәсіпкерлерді ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасында Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьяларымен өткен брифингте айтылды.  
Шарада судья Медетбек Сарсенов сот процесі кезінде егер кәсіпкер жұмыс барысымен өзі тұратын аймақта болмаған жағдайда сот отырыстарына бейнебайланыс арқылы қатыса алатынын жеткізді. Ол үшін кәсіпкер істі қараушы судьяға алдын ала өтініш жазуы қажет. Сонымен қоса судья сот органдарының ресми интернет-ресурстарында «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі арқылы электрондық құжаттарды сотқа беру тәртібімен таныстырып өтті. Ал судья Зәуре Жарылқасынова сот процесінде «Медиация туралы» Заңды қолданудың маңыздылығы мен тиімділігін түсіндірді.
Жалпы есепті кезеңде Палатаға заң турасында көмек сұраған кәсіпкерлерден 300 өтініш түсті. Оның 126-сы бойынша кеңес берілсе, 94-і оң шешімін тапты. Сотқа дейін жеткен 56 арыз бойынша Палата заңгерлері кәсіпкерлердің құқығын қорғап, оның 85 пайызы оң шешімін тапты. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 300 млн. теңгеден астам қаржысы өздерінде қалды.
Әсел БЕГМАН
15 желтоқсан 2017 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031