» » » Әр балаға 40 мың теңгеден беріледі

Әр балаға 40 мың теңгеден беріледі

   Тамыз кеңесінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрмысы төмен отбасындағы әр балаға 40 мың теңгеден берілетінін айтты.
«Тағы бір маңызды тақырып – балалардың жағдайы. Жыл сайын жалпыға міндетті орта білім бағдарламасы бойынша мұқтаж оқушыларға материалдық көмек көрсетіледі. Өткен жылы аз қамтылған отбасылардағы әр балаға 30 мың теңге мөлшерінде көмек көрсеттік. Ол көмекті 12 700 бала алды», – деді әкім. Оның айтуынша, биыл бұл мөлшер 10 мың теңгеге көбейіп, 40 мың теңгеге жетті. Енді көпбалалы отбасыда 4 бала болса 160 мың теңге, 3 бала болса, 120 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетіледі.
«Әрине, бұл қазіргі жағдайда, жұмыс тоқтап, шағын бизнес тарапынан 60 млрд теңге бюджетке түспей қалған кезде қиын. Бірақ, соған қарамастан біз, әсіресе, аз қамтылған отбасыларды қолдауды жалғастырамыз. Алайда «судың да сұрауы бар». Өйткені, ата-аналар қаражатты қолға беріңдер деп жатыр. Біз де соны қаладық. Бірақ заң бойынша олай жасай алмаймыз. Себебі Үкімет қаулысында ол қаражатты жұмсаудың нақты мақсаты көрсетілген. Ең алдымен балаларға мектепке қажетті киім-кешек, мектеп заттарын алу керек. Мемлекеттік бюджет болғаннан кейін әрбір тиынның есебін беруіміз керек. Соны түсіндірдік, ата-аналар түсінді», – деді Алтай Көлгінов.

aikyn.kz
24 тамыз 2020 ж. 1 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930