» » » Кәсіпкер оқушыларға планшеттер таратты

Кәсіпкер оқушыларға планшеттер таратты

   
Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды.
Биылғы оқу жылы карантиндік талаптарға сәйкес қашықтан оқытыланы белгілі. Осы ретте, оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл іске жанашыр азаматтар, кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары қолдау білдіруде. Осындай қамқор жандардың қатарында Сырдария ауданынан «А.Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-нің төрағасы Бақытжан Жақып та бар.
Ауылдағы шаруашылық тізгінін қолға алған төраға Құрбан айт мерекесінде елді мекендегі 30 үйге 300 мың теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсеткен болатын. Енді жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың білім алуына қажетті 20 планшетті сыйға тартып отыр.
Бақытжан Жақып елді мекендегі көп балалы, аз қамтылған отбасы үйлеріне арнайы барып, келе жатқан білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ электронды құрылғыларды табыс етіп, жастардың сапалы білім алуына тілекші екенін жеткізді.
Осындай жанашыр азаматтардың қолдауының нәтижесінде карантиндік талаптарда оқушылардың білім игеруіне мол мүмкіндік жасалуда.
29 тамыз 2020 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031