» » Қашықтан оқиды

Қашықтан оқиды

   
  Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте бекітілген күн тәртібіне сәйкес «Алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары» мен «Жаңа оқу жылына дайындық барысы» және «Жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында атқарылған шаралар туралы» мәселелер қаралды.
Отырыстағы екінші мәселе «Жаңа оқу жылына дайындық барысы» туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Динара Баймұрзаева баяндады. Ағымдағы оқу жылының бірінші тоқсанында мектеп оқушылары еліміздегі пандемия жағдайына байланысты қашықтан оқытылады. Жаңа оқу жылында облыстағы 50 мектепте қашықтан оқыту, ауылдық 4 мектепте барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі оқыту жоспарлануда. Мектептердегі қашықтан оқыту BilimLand, Дарын онлайн интернет платформалары арқылы жүргізіледі.
Қашықтан оқыту бойынша оқушылар мен мұғалімдердің арнайы құрылғылармен яғни компьютер, ноутбук, планшет, смартфонмен қамтамасыз етілуіне, интернет және ұялы байланыстың қолжетімділігіне мониторинг жасалды.
Қаладағы оқушылардың 92,4 пайызы электронды құрылғылармен қамтамасыз етілген. Білім алушылардың қалған бөлігін құрылғылармен қамту үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар интернет пен ұялы байланыс қолжетімсіз саналатын 2418 отбасын «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен мобильді интернетке қосу жұмыстары қарастырылуда. Сондай-ақ компьютермен қамтылмаған 54 мұғалімге облыстық және қалалық мұғалімдер кәсіподағының демеушілігімен электронды құрылғылар беріледі.
Сырдария өзенінің сол жағалауы, Саяхат, Сабалақ, Бәйтерек мөлтек аудандарында интернет жылдамдығы төмен. Осы мәселені шешу бойынша «Қазақтелеком», «Кселл», «Билайн» байланыс орталықтарымен интернет жылдамдығын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші негізінде қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Дәстүрлі және кезекші тобы бар мектептерде қатаң санитарлық шаралар сақталады.
Үстіміздегі жылы барлық білім беру мекемелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында қалалық білім бөліміне қарасты № 43, 112, 173, 23 мектептерде және Белкөл кентіндегі «Балапан» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуе. 2020 жылғы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы арқылы қалалық білім бөліміне қарасты №143 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа оқу жылында Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Жезқазған трассасы бойындағы Байтерек мөлтек ауданында 600 орындық мектеп, Саяхат және Демесінов көшесінің бойынан жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.
Қала басшысы аталған жұмыстардың жүйелі атқарылуын сала мамандарына нықтап тапсырды.

04 тамыз 2020 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930