» » » Бауыржан Исламхан: Ұлттық құрамаға шақырту алмадым

Бауыржан Исламхан: Ұлттық құрамаға шақырту алмадым

 Ертең ҚР Суперкубогы үшін «Астана» мен «Қайрат» Астана Арена стадионында кездеседі. Ойын алдында алматылық команда капитаны Бауыржан Исламхан баспасөз мәслихатына қатысып, журналистер қойған сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Ол ертеңгі матч «Қайрат» клубының маусымдағы алғашқы ойыны екенін атап өтті.
- Команда сапында бірнеше өзгеріс орын алды. Алматылық команданың үздік сұрмергені Жерар Гоу командадан кетті...
- Иә, команда құрамында бірнеше өзгеріс болды. Біздің командадан бір ойыншы кетсе, орнына екі ойыншы келді. Сондықтан онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Жерар бірнеше маусым бойы өте көп гол соқты. Команда сапына келген ойыншыларды біз қатарымызға сіңісіп кетуі үшін жылы қабылдап, барлығын жасайтын боламыз.
- Бірнеше күн бұрын Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Осы туралы сіздің пікіріңіз қандай?
- Бапкер Қазақстан туралы барлығын біледі. Менің ойымша, осындай тәжірибелі маманның Ұлттық құраманың тізгінін ұстағаны - біз үшін өте керемет жаңалық деп айта аламын. 4 жылдан бері елімізде қызмет жасап өте үлкен жоғары жетістіктерге жетті. Ел футболы туралы барлығын біледі деп ойлаймын. Біз Станимирдің қол астында Ұлттық құрамамен жоғары жетістіктерге жетуге тиіспіз.
- Ұлттық құрамаға шақырту алдыңыз ба?
- Әзірге жоқ. Бірақ, барлық ойыншының мүмкіндігі бар деп ойлаймын.
- Ертеңгі ойында «Қайраттың» ресми жанкүйерлері болмайды. Бұл жағдай ойынға әсер етуі мүмкін бе?
- Шынымды айтсам, біздің еліміздің түкпір-түкпірінде жанкүйерлеріміз жетерлік.
Еске сала кетсек, ертең ҚР Суперкубогы үшін «Астана» - «Қайрат» командалары кездеседі.

03 наурыз 2018 ж. 1 562 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031