» » » БИЫЛҒЫ ЖЫЛ МЕН ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛДЫ

БИЫЛҒЫ ЖЫЛ МЕН ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛДЫ

Әсел СЕРІКБАЙ, шахматтан әлем чемпионы:
  – Жаңа жылыңмен, Әсел! Жылды қалай қорытындыладың?
– Рақмет. Биыл үш елге жол түсті және үшеуі де олжалы болды. Шри-Ланкада оқушылар арасында әлем чемпионы атандым. Иранда қола жүлде иеленіп, Грецияда өткен 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы сайыста әлем чемпионы болдым. Сондай-ақ, Алматыда ересектер арасында ұйымдастырылған жарыста бас жүлде алып, спортшы үшін маңызды спорт шебері куәлігіне қол жеткіздім.
– Ал шахматтағы кумирің кім?
– Бала кезімде көптеген шахматшының ойынын тамашалайтынмын. Бірақ өзіме ұнайтыны Александр Алехин еді. Оның ойнау тәсілі өзгелерен әлдеқайда жүйелі және ерекше. Кіл мықтылар жиналған додада сүрінбей шығу – қиынның қиыны. Шахматта тек қабілетке иек арту жарамайды. Сондықтан осындай атақты тұлғалардың әдістерін қолдану кейде жеңіске жеткізеді. Мен күн сайын осылай дайындаламын. Ештеңе оңайлықпен келмейді.
– Қарсыласты тығырыққа тіреу – жеңіске бір қадам жақындағаныңды білдіреді. Шахматта қандай әдістерді жиі қолданасың?
– Ол енді шахмат ойнаған партияма байланысты. Қарсыласым қандай әрекет жасайды, мен де соған ыңғайланып жүремін. Негізі көп нәрсешахмат тақтасында күрделі жүрісті алдын ала есептеп, жаңа әдісті меңгеруге байланысты. Мысалы,бәсекелестік жоғары болған жерде одан сайын алға ұмтыласың және көбірек тәжірибе жинайсың.
– Әсел, дүбірлі додаға Румынияның Яссы қаласына бардың. Жарыс қай деңгейде өтті?
Мен осыған дейін облыс пен республикадан бөлек Азия біріншіліктерінде топ жарған едім. Алайда, әлемдік додалардың бәсі жоғары ғой. Шынымда айтсам, құрлық додасында осындай нәтижеге жету оңай болмады. Қанша дегенмен қарсыластың сесі басатын кезі болады. Дегенмен, алтын медальмен оралып, ел мерейін үстем етуге бар күшімді салдым.
– Бүгінге дейін ешкімге есе жібермей келесің. Әлем чемпионы болған кездегі сезім бөлек шығар...
– Қазақтың көк туы өзгелерден биікте тұрғанын көргенде тұла бойың еріксіз шымырлап кетеді. Бұл сезімді сөзбен жеткізу қиын. Швейцариялық жүйе бойынша өткен 9 турдан 8,5 ұпай жинап, алға шықтым. Жалпы биылғы жыл мен үшін табысты болды. Қазақ спорты да жаңа бір деңгейге көтерілген сияқты. Азия, Еуропа, әлем жүлделеріне қол созып, спортшылардың биіктен көрінуіне көп күш жұмсаған бапкерлер. Осы ретте олардың еңбегінің зор екенін айту артық етпес.
– Жастарға айтар тілегің...
– Келесі жыл барлық спортшыларға жеңісті болғай. Отан алдындағы жауапкершіліктің жүгі ауыр. Әлемдік аренада әнұранымыз бен көк туымызды аспандатып, ел үмітін ақтай берейік!
Ақтілек БІТІМБАЙ
27 желтоқсан 2018 ж. 911 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031