ӘСЕЛ ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРДЫ
Шахматтан Грекияның Халдикиди қаласында өткен әлем біріншілігінде жерлесіміз Əсел Серікбай жеңімпаз атанды. Ол 16 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түсіп, блиц әдісі бойынша 9 турдан 7 ұпай жинап, топ жарды.
Айта кетейік, шахматшы қыз 2011 жылы Польшада, 2017 жылы Румынияда өткен Әлем чемпионаттарында ерекше нәтиже көрсетіп, көпті таңғалдырған. Енді Сыр аруы алдағы күндері классика бойынша жарысады. Оған 40 елден 300-ге жуық ойыншы қатысады. Сондай-ақ, Әсел 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін Азия чемпионатында да бағын сынап көрмек.