Мына әлемде бар екеніңді сезіну – бақыт
– Нұрзат, Қасиетті Қазалыдан шыққан айтыскер қыз ретінде атың біршама танылып қалды. Жалпы ақындыққа келуіңе кім себепші болды?
– Мен өлеңді бала кезден нақтырақ айтсам, мектеп қабырғасында жүргенде-ақ жаза бастадым. Алғашында әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстазымыз өлең шығаруға тапсырма берді. Нақты қандай тақырып екені есімде қалмапты бірақ. Сол кезде үш шумақ жазған өлеңімді жақсылап тұрып мақтаған болатын. Мұғалімнің жер-көкке сыйғызбай мақтағанынан кейін өлеңге деген ықыласым ауды. Содан бастап өз бетімше жыр кітаптар оқып, жүйелі түрде өлең шығаруға кірісе бастадым.
– Көбіне сыртта сапарлап жүргеніңді көреміз. Туған жерге ат басын жиі бұрмайтын сияқтысың...
– Иә. Шынымен сыртта көп жүремін. Қазір айтыстың ауқымы кеңейді. Еліміздің түкпір-түкпірінде болатын сайыстарға қатысып, өзімді шыңдауға тырысамын. Оның үстіне айтыстың аламанына енді қосылғасын, азулы аға-әпкелерімнен осы өнердің қыр-сырын үйреніп қалуым керек емес пе?!
– Ақындардың басым бөлігі алғашында жазба ақындыққа келіп, кейін суырып-салудың хас шеберіне айналып жатқанын көреміз. Сенде де осы процесс болды ма?
– Бастапқыда блакнотқа шимайлап талай өлең шығардық қой. Бірақ қазір оның барлығы тек машыққа бола жазылған екен деймін. Өйткені кітап оқып, теледидардың алдында тапжылмай отырып сағаттап айтыс көру менің суырып-салмалық дағдымды дамыта түсті. Әйткенмен жазба ақындық осы өнердің баспалдағы дер едім. Себебі ешқандай ақын ә дегеннен айтысып кетпейді.
– Қазір жазба поэзиясына көңіл бөліп жүрсің бе?
– Қол үзіп қалғаныма көп болды. Сол жағынан айыптымыз расын айтқанда. Айтыста көп жүргеннің әсері ме стиль өзгереді екен. Кейде, жазған өлеңдеріме қарасам айтыстың иісі мен мұндалап тұратындай.
– Өзіңе кіммен айтысқан ұнайды?
– Өзіңіз білетіндей қазір көбіне өзімнің замандастарыммен шығып жүрмін. Бірақ осы өнерді бойыма толықтай сіңіріп, әбден толысқаннан кейін тәжірибелі ақындармен қарсылас болғым келеді. Мұның барлығы айналып келгенде өзіңді дамытуға көп септігін тигізеді. Мәселен, Дидар Қамиев, Рүстем Қайыртай, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақов, Мейірхан Сұлтанхан сияқты кіл жүйрікпен айтысудың реті келсе, қандай керемет. Жалпы, ақын болған соң кіммен болсын айтыса беруге әзірмін.Үнемі таңдау мүмкіндігі болмайды ғой.
– Жас болсаң да айтыстың төңірегінде жүргеніңе көп болды. Біраз ақындардың айтысты қойдым дегенін естіп жатамыз. Жалпы айтыс ақынының сахнада жүретін белгілі бір жасы бар ма?
– Расында ондай оқиғалар болып тұрады. Әркім әртүрлі желеу тауып, осынау қасиетті өнерден тысқары кетіп жатады. Жалпы, қандай себеппен кетсе де, айтыс жасқа қарамайды. Қазір заман дамып жатыр. Айтыстың да екпіні өзгерді. Бәлкім, біреулер сол екпінге ілесе алмай қалып жатқан болар? Өз басым айтыс кетпеген болар едім. Осы аламанның ауыздан түспейтін тұлғасына айналам деген арманым бар. Өзі заманымыздың талабына сай айтыстың бет-бейнесі өзгеріп жатыр ғой. Байқап жүрген шығарсыз. Жаңашылдық бар. Жалпы, адам айтысты тастай алмайды. Ал, айтыстың адамды тастап кетуі мүмкін дүние меніңше.
– Әлеуметтік желі де белсендісің. Сол әлеуметтік желіде сын айтып, көңіліңе келетін пікір айтылған кез болды ма?
– Жоқ. Жүрек ауыртарлық пікір оқыған кезім есімде қалмапты. Мен айтысқа өте жауапты қараймын. Жаңа заманға ілесу керек болса да,
арзан сөздер айта салғым келмейді. Әдемі ой, тұшымды түйіндер жасағанды ұнатамын. Өзіміздің өңірде өткен «Жастар жырлайды» атты ақындар айтысын көрген шығарсыз. Сол айтыстан кейін біршама адамдар мақтауымды келістірді. Сөз саптауыма, тапқырлығыма риза болыпты-мыс. Бұл мақтан үшін емес, жаңағы сөзіме тұздық болсын деп айтып жатырмын. Біраз адам инстаграмда менің жекеме шығып, айтыстағы кейбір қателіктерімді мәдениетті түрде жеткізген кезі болған. Ондай дұрыс сынды қабылдап, соған жұмыс істеймін.
арзан сөздер айта салғым келмейді. Әдемі ой, тұшымды түйіндер жасағанды ұнатамын. Өзіміздің өңірде өткен «Жастар жырлайды» атты ақындар айтысын көрген шығарсыз. Сол айтыстан кейін біршама адамдар мақтауымды келістірді. Сөз саптауыма, тапқырлығыма риза болыпты-мыс. Бұл мақтан үшін емес, жаңағы сөзіме тұздық болсын деп айтып жатырмын. Біраз адам инстаграмда менің жекеме шығып, айтыстағы кейбір қателіктерімді мәдениетті түрде жеткізген кезі болған. Ондай дұрыс сынды қабылдап, соған жұмыс істеймін.
– Көрермен ретінде кейбір айтыскерлердің айтыста айтқан түйдек-түйдек сөзін келесі айтыста дәл солай айтып отыратынын байқаймыз. Өзіңде мұндай жайт болды ма?
– Жоқ, болған емес. Бірақ айтыс әлеміде бұндай оқиғалар бар. Кейде айтарға сөз таппай, тығырықтан шығу үшін кезінде сәттілік әкелген өлең қатарларын не ойды қайталап жатады. Бірақ ол көп емес. Ана-санда.
– Қазір барлығы таспаға басылады. Өз айтыстарыңды қайталап қарайсың ба?
– Жоқ. Өзімнің айтыстарымды толықтай қарап көрмеппін. Жалпы, айтысқа келгенде интернеттен басқалардың айтысын қараймын. Себебі, қарсыласымызды зерттеуде оның берері мол.
– Айтыста тығырыққа тірелген кездер болды ма?
– Иә болды. Тығырыққа тірелу деген дүние әр ақынның басынан өтеді ғой. Кейін тәжірибе жинақтап, ондай жерлерден сытылып шығуды меңгеретін шығармыз. Мүмкін, қарсыласыңнан осалдау айтып қалуың мүмкін. Әйтеуір жерге қарап қалмай, бірдеңе айтып шығасың ондайда.
– Өзің айтқандай, қазір айтыс баяғыдай емес, апта сайын ұйымдастырылып жатыр. Айтысты арзандатып алмаймыз ба?
– Жоға. Бұл ақындарға да, халыққа да жақсы дүние ғой. Ақындар үнемі дамып, бабында жүреді. Арзан сөз айтыпқарағанда бұл рухани дүние емес пе? Сондықтан айтыстың көп болғаны жақсы меніңше.
– Жүрсін аға, жастарға көп көңіл бөле ме осы?
- Бөліп жармайды ғой. Жер-жерде ақындар көп. Бірақ жастарға қолдау білдіуі, сенім білдіруі бізге үлкен күш береді. Ол кіснің бізге ұстаз ретінде үйретері көп. Сол кіінің қазынан қайнап шығатын шығармыз болашақ.
– Қанша дегенмен қыз баласың ғой. Бақыт деген дүние бар. Бақытты қалай түсінесің жалпы?
– Әр күннің өз берері бар. Жер басып жүргеннің өзі, мына әлемде бар екеніңді сезіне алу бақыт емес пе? Таңертең оянып, жұмысыңмен айналысу, кешке өз үйіңе келу – бақыт. Жалпы, мен өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Дені сау адамның барлығы бақытты.
– Айтыс жайлы айтар болсақ Айнұр Тұрсынбаева айтпай кетпейміз ғой. Талай рет жүлделі болып, 30 дан аса көлік мінді. Сен қанша көлікті ұтады екенсің?
– Білмеймін. Бұйырғаны болады ғой. Айтыста кейде көліктей, кейде ақшалай беріп жатады. Біраз жарыста жастар арасында топ жардым. Бәйгесіне ақша алып жүрмін көбіне. Айнұр әпкеміз құсап көп көлік ұтатын күнде алыс емес шығар.
– Білмеймін. Бұйырғаны болады ғой. Айтыста кейде көліктей, кейде ақшалай беріп жатады. Біраз жарыста жастар арасында топ жардым. Бәйгесіне ақша алып жүрмін көбіне. Айнұр әпкеміз құсап көп көлік ұтатын күнде алыс емес шығар.
– «Мына дүниені айтыңдар, мынаны қозғамаңдар» деген тапсырмалар болады ма?
– Жазба ақындар мен айтыс ақындарының арасына біраз айырмашылық бар. Жүлде мәселесі ғой сол. Осы жайлы не ойлайсың?
– Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан өнер – айтыс. Біздегі сөз өнерінің атасы деуге болатын шығар. Жазба поэзиясының айтыстан айырмашылығы көп. Жұрттың айтыс тыңдағанды ұнатады. Өйткені суырып-салмалық бар. Ал кітап оқып отыра бермейді. Сондықтан да былай-былай деп кесіп айту қиын. Жазба ақындарының мүшайраларына да көп қаржы бөлінеді дегенді естимін. Өзімнің достарым бар жазба ақын. Солардан. Біздікі де өзімізге жетеді.
– Айтыстағы сөздер мен шумақтар дәл сол жерде туа ма?
– Әрине, оның барлығы дайындықтың әсері. Айтысқа дайындаламын деп күндіз-түні ұйықтамайтын кездерде болады ғой. Тоыннан қойылатын сұрақтар мен қалжыңдардан бөлек тақырыпқа да қатты мәнберіп дайындалу керек. Ал, жаңағындай сәттерде шала болса да, буыны асып кетсе де тауып айтып қалсаң халықтың көңілінен шыға аласың.
– Осыдан біршама уақыт бұрын «Шоу айтыс» деген дүние шықты. Бұл жайында не ойлайсың?
– Бұл жоба нақты айтыс сүйетін адамдарға ұнады деп айта алмаймын. Жұлдыздар үшін бұл тек тың жоба шығар.
– Соңғы сауал. Адам өзін-өзі дамытып отыру керек. Қазір қандай ақын-жазушыларды оқып жүрсіз?
– Қазақ классиктерін. Сосын жазба ақындардың шығармашылықтарын қарап жүрмін.
– Сұхбатыңа рақмет!
Ақтілек БІТІМБАЙ