Тарихымыз әлі де көп зерттеушісін күтіп жатыр

− Қызылорда қаласының тарихы қағазға түскен бе?
− Қағазға түскен, бірақ ұшы-қиыры жоқ үлкен мәселе. Себебі әр жерден жаңалықтар шығады. Әлі де зерттеушілерді күтеді. Кезінде оны Айдосов, Кереев секілді ғалымдар зерттеді. Университет ғалымдары, «Ақмешіт», «Сыр елі», «Қызылорда облысының тарихы» кітабын шығаруға өз үлесін қосты. Бізде былтыр қаланың 200 жылдығына орай орыс зерттеушілерінің Сыр өңірі туралы кітаптарын Петербург, Омск кітапханаларынан алып, аударып, баспаға дайындап қойдық.
− Қандай тың деректер бар екен?
− Қаламыз туралы тың деректер көп. Орыс зерттеушілерінің 19 ғасырдағы еңбектерінде қаланы орыс әскерлері алған кезде қанша қаржы жұмсалып, қанша үй салынып, мал саны қанша болғанына дейін деректер бар. Орыс әкімшілігі орыс деревняларын салған кезде Перовск уезі мен Қазалы уезі Сырдария облысы орталық Ташкентке бағынған. Қала сыртына деревнялар салғанымен орыстар бұл жерлерге көптеп келмеген. Себебі сулы, масасы көп, балшықты жер болған. Облыс аумағында жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін төрт поселкі ғана болған. Ол уақытта Шымкент, Тараз аумағында поселкілер 50-ден асқан. Әкімшіліктің әмірімен құрылған Жөлек, Александрвскі поселкесіне демалысқа шыққан әскерилерді қоныстандырған. Олар егін егіп, мал өсіріп, өнімін қамал тұрғындарына жолдап отырған.
− Тарихшы Талас Омарбеков «Тарихты жазу үшін адалдық керек» депті. Тарихымыз дұрыс жазылып жүр ме?
− Кеңес үкіметі уақытында «Әр мәселені қараған кезде партияның саясатына жақын болу керек» деген пайым болатын. «Партия саясатына жақын бол» дегенде, белгілі бір идеологияға жақын болу үшін емес, айқын тарихты ашқанды жөн көреміз. Тарихты шындық тұрғыда беру керек.
− Қазақ халқының мемлекеттілігінің тарихы жөнінде не айтар едіңіз?
− Әрине. Біз 550 жыл бұрын пайда болған халық емеспіз. Оған дейін де біздің ата-бабаларымыз, бір одақтың, рудың тайпаның құрамында болды. Тарихымыз әлі де көп зерттеушісін күтіп жатыр.
Темірбек Жүргенов туралы жазғаныңызды білеміз? Ол кісі туралы нені білуіміз керек?
− Қоғам қайраткерінің мерейтойы қарсаңында Алматы, Душанбе қаласына архивтерге адам жіберіп мол мәлімет алдық. Бұл кісі туралы біз көп нәрсе білмейді екенбіз. Бұрын Тәжікстанның наркомы яғни қаржы министрі болды деген ақпарат болатын. Біздің ғалымдарымыз сапар барысында Тәжікстан статистика департаментін құрып, оның аяққа тұруына зор қызмет еткені туралы мәлімет тапты. Жаңа суреттері де қолымызға тиді. Алматы архивтерін ақтарып, педагог мамандардың көбейюіне де үлес қосқанын білдік. Жоғары оқу орындарының қалыптасуына және білім саласының жоғары білімді мамандармен қамтылуына еңбек еткен. Қазақстанда 15 мыңнан артық мұғалім болған. Олардың тек бес мыңында ғана жоғары білім дипломы болыпты. Сырттай оқу бөлімін педтехникумдар ашып оқуға түсірген. 10 000 адамның диплом алуына ықпал еткен. Ол уақыттағы жоғары білімді адамды әкімшілікке алып кететін саясатты тоқтатып, 800-ге жуық азаматты білім саласына жұмысқа тұрғызған. Москва, Ленинград, Новосибирск, Томск университетін бітірген жастардың жұмысқа тұрған бұйрықтарында Жүргеновтың қолы тұр. Бірі қалалық білім бөлімінің басшысы, бірі завуч, енді бірі директор болып орналастырған. Бұл нені білдіреді. Әрбір жасты жеке қабылдап, олардың елде жұмыс істеуі үшін тікелей өзі бағыттап отырған. Шет елдерде оқып жүрген жастардың елге оралып еңбек етуі үшін студенттерге Қазақстанның атынан қосымша шәкіртақы және демалыс орнына жолдама беріп отырған.
− Ұлт жанашыры туралы тағы қандай қызықты мәліметтер білесіз?
− Ашаршылық салдарынан елде жетім балалар көбейіп кетті. Сол уақытта Жүргенов жетім балалар ертең далада қалмасын деп, балалар үйінде түрлі конкурстар өткізіп, алғыр балалардың барлығын Алматыға слетке жинаған. Слет нәтижесі бойынша барлық жеңімпаз балаларды Алматыға жоғары оқу орнына түсірген. Ол балалар жақсы білім алып, Қазақстанның түпкір-түпкірінде қызметке орналасқан. Мұнан бөлек Алматыда музыкалық аспаптар шығаратын зауыт болған. Аспаптар қомақты қаржы тұрады, тапсырыс аз болған соң мәдениет саласын бақылаған Темірбек Жүргенов арнайы қаржы бөлдіріп, әр облыстағы мәдениет үйлерінде қобыз, домбыра секілді ұлттық аспаптар жіберген. Қазақ ұлттық аспабын шығару ісінде үлкен жұмыстар атқарған.
− Ғылымда көңіл бөлуге тиісті тақырыптарды айтсаңыз...
− Келер жылы Жеңістің 75 жылдығы. Бірі Ұлы Отан соғысындағы жеңіс десе, бірі екінші дүниежүзілік соғыс дейді. Сол уақытта
Қазақстаннан майданға, тылға аттанғандардың саны 2 миллионнан асады. Өткен жылы архивтен бір мәлімет таптым. Онда қызылода облысынан 1941 жылдың 22 маусымнан 1945 жылдың 1 маусымына дейін 52 мың адам алынғаны туралы жазылған. Кезінде сотталып кетіп БуЛагтан өз еркімен майданға шамамен 30 мыңға жуық қазақстандық жастар лагерден соғысқа аттанған. Олар 700-і қызылордалық болған. Кәрістер соғысқа барған жоқ дейді. Аймақ кәрістерінен 500 адам қатысқаны белгілі болды. Солтүстік Корея мемлекеті құрылып жапондар талқандаған кезде кореяның бірінші басшысы Ким Ир Сеннің жанында екі адам жүрген. Олар «Ленин кичи» газетінің редакторлары болған деген ақпарат бар. Бұл деректерді де ешкім біле бермейді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақстанның үлесі көп. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, шамамен Ората Азиядан халықтың 18 пайызы соғысқа аттанған. Ал менің есептеуімше 20 пайыздан асады. Себебі Ресейде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар да соғысқа аттанған. Олар туралы дерек жоқ. Қызылордадан әскерге алынғандардың 26 мыңы қаза болды деген мәлімет бар. Мұның өзі толық ақпарат емес. Шамамен 15 мыңдай жерлесіміз туралы мәлімет жоқ. 700 қызылордалық соғыстан кейін Сыр еліне оралған. Олар туралы айтқызбады. Сатқын деді. Олар сатқын емес. Атуға қаруы жоқ, қарсы келе жатқан танкіге қалай дес береді. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Ұлыбританияда тұтқыннан келген адамдарды өз борышын адал орындаған азаматтар ретінде кеудесіне медаль тағып, абақтыдағы күндеріне жалақы төлеген. Ал біздің елде әлі күнге дейін оларды сатқындар деп советтік көзқараспен қараймыз. Қызылордаға күштеп көшірілген халықтар, олардық қала дамуына қосқан үлесі туралы көптеген жұмыстар істелу керек.

Қазақстаннан майданға, тылға аттанғандардың саны 2 миллионнан асады. Өткен жылы архивтен бір мәлімет таптым. Онда қызылода облысынан 1941 жылдың 22 маусымнан 1945 жылдың 1 маусымына дейін 52 мың адам алынғаны туралы жазылған. Кезінде сотталып кетіп БуЛагтан өз еркімен майданға шамамен 30 мыңға жуық қазақстандық жастар лагерден соғысқа аттанған. Олар 700-і қызылордалық болған. Кәрістер соғысқа барған жоқ дейді. Аймақ кәрістерінен 500 адам қатысқаны белгілі болды. Солтүстік Корея мемлекеті құрылып жапондар талқандаған кезде кореяның бірінші басшысы Ким Ир Сеннің жанында екі адам жүрген. Олар «Ленин кичи» газетінің редакторлары болған деген ақпарат бар. Бұл деректерді де ешкім біле бермейді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақстанның үлесі көп. Ресейлік ғалымдардың айтуынша, шамамен Ората Азиядан халықтың 18 пайызы соғысқа аттанған. Ал менің есептеуімше 20 пайыздан асады. Себебі Ресейде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар да соғысқа аттанған. Олар туралы дерек жоқ. Қызылордадан әскерге алынғандардың 26 мыңы қаза болды деген мәлімет бар. Мұның өзі толық ақпарат емес. Шамамен 15 мыңдай жерлесіміз туралы мәлімет жоқ. 700 қызылордалық соғыстан кейін Сыр еліне оралған. Олар туралы айтқызбады. Сатқын деді. Олар сатқын емес. Атуға қаруы жоқ, қарсы келе жатқан танкіге қалай дес береді. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Ұлыбританияда тұтқыннан келген адамдарды өз борышын адал орындаған азаматтар ретінде кеудесіне медаль тағып, абақтыдағы күндеріне жалақы төлеген. Ал біздің елде әлі күнге дейін оларды сатқындар деп советтік көзқараспен қараймыз. Қызылордаға күштеп көшірілген халықтар, олардық қала дамуына қосқан үлесі туралы көптеген жұмыстар істелу керек.
− Жалпы бүгінгі таңда магистрлік білім алуға деген жастардың ықыласын қалай қарайсыз?
− Қазіргі мектептер ғылымға ерекше көңіл бөлуде. Оқушылардың да ізденісі артып, тапқан жаңалығын сатуға мүмкіндік алып жатқан зейінді оқушылар да бар. Білім берудің сапасы артқан сайын мұғалімдерге де талап күшеюде. Ақпараттың да көп уақыты. Балаларды ғылымға бағыттайтын білікті кадрлар керек. Сондықтан болар магистратураға ынтық жастардың саны артуда. Магистратура оқыған соң нағыз магистр болып шығу керек. Бұрын жоғары білім алғандарды мемлекеттік комиссия сынақтан өткізетін. Нағыз маманды анықтау үшін талапты күшейту қажет. Қазір білім берудің жаңа бағыттары енуде. Сондықтан комиссия құрамында бітіруші түлектің таңдаған саласынан білікті кадрларды қосып сынақтан өткізу қажет. Бүгінде Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің педагогикалық мамандықтарына комиссия құрамына біз білікті мұғалімдерді шақырдық. Студенттер нағыз маман болып шығу қажет.
− «Ұстаздан шәкірт озады» деген. Шәкірттеріңіз туралы айтсаңыз?
− Талантты шәкірттерім көп. Алғаш рет 1997 жылы мектеп оқушылары арасында өткен облыстық тарих пәнінен олимпиадаға қатыстым. Комиссия құрамында Сәтбай Дастан секілді тарихшылар болды. Алдыңғы қатарға үш оқушы шықты. Қаладан Ибраев Уәлихан, Марат Алисов және Арал ауданынан Еңсепов Бауыржан есімді балаларды шертіп-шертіп алдық. Келер жылы осы балалар мектеп бітіріп мемлекеттік грант бойынша оқуға түсті. Олар студенттік жылдары да белсенді болды. Уәлихан студенттік декан, ал Бауыржан ғылыммен терең айналысып, студенттік кезде ғылыми мақалалары республикалық жинақтарға жарияланды. Төртінші курс оқып жүргенде екеуі 125 оқу орны арасында өткен республикалық олимпиадаға қатысты. Бұл додада Ибраев педагогика бойынша, Еңсепов психология бойынша жүлделі бірінші орын алды. Университет ректоры Қылышбай Бисенов аудиторияларды жиі аралайтын. Сол кезде осы балалардың жетістігін айттым. Ректор қай салада еңбек ететіндерін сұрады. Екеуі де «осы саланы жалғастырғымыз келеді» деген соң балаларды университетте жұмысқа алып қалуға тапсырма берді. Шәкірттерімнің бәрі үмітті ақтады. Уәлихан ғылыми жұмыспен бірге әкімшілік жұмысты қатар алып, облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры қызметін абыройлы атқарып жүр. Ал Еңсепов Бауыржан бүгінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің доценті. Марат та белсенді еді, студенттік декан болды. Бүгінде үлкен еліміздегі ірі компаниялардың бірінде менеджер болып қызмет атқарып жүр.
− Қала тұрғыны, тарихшы ретінде айтыңызшы, қала күнін дұрыс тойлап жүрміз бе?
− Қала күнін тойлау басқа халықтарда да бар. Көп жағдайда қала күнін тойлағанда түрлі жалпы қалыққа түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Қала күнін не себепті тойлаймыз? Қала күні қай уақыттан бастап тойлануда? Қала дамуында қандай кезеңдер болған? Кімдер басқарғаны туралы деректерді қамтитын мазмұнды шаралар керек. Мысалы «Достық» үйі Өзбекстанның Қазақстандағы жылдарына арнап екі елдің достығы, ұқсатығы туралы мазмұнды шаралар өткізді. Бұрынғыдан да қызығырақ, ұлттық спорт түрінен сайыстар көбейтіп тойлаудың жаңа қызықты форматын шығару керек.
− Бүгінгі студент тарихты қызығып оқи ма?
− Қазір де студенттерге дәріс беріп жүрмін. Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының меңгерушісімін. Бүгінгі студенттердің тарихқа деген қызығушылығы бұрынғыға қарағанда нашарлау. Бұрын студенттерде ізденіс көп болатын. Қазір үй тапсырмасын интернеттегі ақпаратпен ғана дайындалып келеді. Қазір көп нәрсе ғаламторда бар. Дегенмен кітапханаға барып, ізденіп, кітаптағы тұжырыммен қатар, өз ой пікірін білдіретін жастар көбейсе дейміз. Сонда ғана ізденімпаз, еңбекқор мамандар шығады.
− Сұхбатыңызға рахмет!
Әңгімелескен Гүлбану МАҚАЖАН