ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, АСАБА?
«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деп халқымыз бекер айтпаған. Қазақи қара сөздің шебері, тойдың көркін келтіретін білімді де шешен, жан-жақты дайындығы бар, мықты асаба басқарған той ғана жоғары деңгейде өтеді. Біздің бүгінгі кейіпкер әрбір тойды ерекше атқаратын - Дәулет Алтынбекұлы.
– Бүкіл әлемдік пандемия біраз салаға өз кесірін тигізді. Оның ішінде қазақтың тойы да бар. Тойға шығатын әнші ең басты асабаларға қандай қиыншылығын тигізді? Жалпы пандемия кезінде той өткізу немесе той жүргізу туралы ойыңыз?
– Сәл қол босап қалғаны болмаса бәрі жақсы. Негізі пандемия ешкімге оңай тиген жоқ. Бірақ, жұмыссыз қалдым екен деп қол қусырып отыру еркекке жат ұғым. Сондықтан қиындық тудырған жоқ. Осы індет кезінде той жасаған халықты түсінуге болады. Алдын ала ойластырылып, ақшасы төленіп қойған. Бірақ, денсаулықтан қымбат дүние жоқ соны естен шығармасақ игі. Ал, той басқаруға келетін болсақ оны мен құптамаймын. Жоғарыда айтып өткенімдей денсаулықтан асқан байлық жоқ.
– Көпшілік сізді асаба ретінде таниды. Осы кәсіппен айналысып жүргеніңізге қанша уақыт болды?
– Негізі той саласындажүргеніме он жыл болды ғой. Басында ән де айттым. Бірақ , асаба болғаныма төрт жыл көлемі болды.
– Асабалыққа көбісі өзінің жұмысын немесе оқуын тастап келіп жатады. Өзіңіз қалай келіп едіңіз?
– Мен оқуын тастап келгендердің тізімінен емеспін. Жоғары білімім бар. ҚазҰУ- ды бітіргем. Диплом бойынша 3жыл жұмысты да жасадым. Жаным еркіндікті сүйетін болғандықтан осы салаға келдім. Тамадалардың тілімен айтқанда "Той қуып кеттім"(күліп).
– Дәулет, уақыт бөліп сұқбат бергеніңіз үшін рақмет!