» » » ТОЙДАН СӘН КЕТТІ, АСАБАДАН МӘН КЕТТІ

ТОЙДАН СӘН КЕТТІ, АСАБАДАН МӘН КЕТТІ

«Той» десе тұра шабатын қазақпыз ғой. Онымыз дұрыс та шығар. Себебі, «той қазақтың қазынасы» деп бекер айтылмаған-ау. Бүгінде сол тойды дүркіретіп өткізу қоғамда бәсекеге айналып бара жатыр. Қазір той иелері ақшаның көмегімен барлығын сән-салтанатын келістіре жасауға тырысатын болған. Келбеті келіскен салтанат сарай, тойды әнмен өрнектер әнші-бишілер не керек бәрі бар Тойды тамаша қылып өткізетін асабаны да ақшасын беріп жалдап алады. Тіпті, тойдың басынан аяғына дейін не болатынын, кімнен кейін кімдер тілек айтатынын, кімдер қандай әнге билейтініне дейін айтып, арнайы мамандармен ақылдаса отырып, той сценарийын даярлайды. Міне, осындай көріністердің бәрі қазіргі таңда тойдың тамаша әрі дүркіреп өтуіне себепші болады. Алайда, көп жағдайда даусы жаңғырған сол бір салтанат сарайларында өтіп жататын тойларды үлкендер жағы аса жақтыра бермейді. Даланың әні мен биіне бойы үйренген үлкендеріміз сол тойларға жастардың ниеті үшін бармаса, аса құмарта қоймайтыны айтпаса да түсінікті ғой. Оның үстіне қазіргі тойлар тым кеш басталатын болған. Бүгінгі біздің айтарымыз да осы жайында болмақ.
Бірде жақсы араласатын танысымның тойында болдым. Той кеш басталды. (Кеш деп отырғаным сағат түнгі 22:30-дар шамасы). Той төріне келген асаба жігіт кеш басталған тойдың шымылдығын түремін деп жарты сағат тұрды. Аузы-аузына жұқпай тойға анықтама берді, сосын өзіне. Содан соң сол тойда қызмет көрсететін өзге де әріптестерін таныстырды. Артынша, той иелерін ортаға шақырды. Сөйтті де оларды да келген қонақтармен таныстырды. Шамасы әлгі кісілердің тойына келген қонақтар той иелерін танымайды-ау. Бұл кезде сол тойдың негізгі кейіпкерлері той төріне әлі шақырылмаған-ды. Осылайша, сағызша созылған асаба ұрланған уақытты ұрлай берді, ұрлай берді. Содан не керек, сағат түнгі 23:30-дар шамасында көптен күттірген жас жұбайлар той төріне жайғасты. Ортаны екі-үш рет айналып болған соң, оларға да асаба тарапынан жаттанды сөздер қарша жауды. Сөйтіп тұрғанда сағат он екі болды. Өзіңіз ойлай беріңіз, той иелерінің үлкендері бастаған қонақтар тізбегі әрбір жарты сағат сайын тілек айтты. Оның үстіне жалғыз микрафонды теріше тартқылап, той төрінде өздерін таныстып кететін қонақтарға не дерсіз?! Мен қатысқан тойда ондай жағдай да орын алды. Асаба уақыттың жоғалғанына қарамастан, кестеден ауытқыған сценарийы бойынша әрбір тілектің ортасында ойын ұйымдастырып әлек.
Сонымен не керек, саған түнгі 2:30-дар шамасында жас жұбайлардың қолдарына жүзік тағылды. «Е-е, осымен болған екен ғой»-деп, демімізді ішімізге тарта беріп едік, тойхананың ішін кенет қараңғылық жайлап, жас жұбайлар ортаға вальске шықты. Баяу тербелген әннің құшағында отырып, сағат түнгі үшті де болдырдық-ау. Таңертеңгі жұмыстың жайы жөніне қалды. Ұйқы келіп, маужырап отырғанда, той төрінде тұрған асаба үлкен ас тартылатынын хабарлады. О заманда, бұ заман, сағат 2-ден өтсе де ет жеп отырған қандай қазақты көрген едіңіз. Өкінішке орай, біздегі қазіргі тойдың сиқы мұны да көрсетті. Осылайша, тойды аяқтап далаға шығамын дегенше, сағат тілі түнгі 4:00-ді соқты. Үй қаланың шетінде. Есік алдындағы кілт айналдырғандардың (таксидің) кезегін күтументағы уақыт өткізіппіз.
Біз қайта тойға қатысып, той біте сала үйге асығатын қонақпыз ғой. Мен сол кезде әлгі тойды өткеріп, қонақтарға қызмет қылып жүрген даяршыларды қатты аядым. Бұл жерде асабаның да ештемесі кете қоймас. Олардың да той біткеннен соң басқамен шаруасы жоқ. Келіскен ақшасын алады да, үйіне барып, күн ұзақ қалың ұйқыға батады. Ал, тойды аяқтап болған соң оның орнын жиыстырып, сол тойхананың ішін жылан жалағандай етіп тазалайтын жұмысшылар таңды атырып барып, үйлеріне бір-ақ, оралады.
Иә, той басқару ісі де шеберлікті талап етеді. Бұл іске де тосыннан келген көлденең көк аттының кірісіп кете алмасы анық. Десе де, микрофон менікі деп, ойына келгенін істеу де асабаларға жараспас қылық. Өйткені, қазіргі заманда кім-кімнің де уақыты шектеулі. Ал, уақытты ұрлау өзгенің өміріне қол сұғумен бірдей екенін қазіргі асабалар түсінсе дейміз.

А.Қарасай.

31 шілде 2018 ж. 1 055 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031