» ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

  Жастар арасындағы жұмыссыздық қашанда өзекті мәселе. Қанша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілуде. Бірақ жастардың оған баруға құлқы жоқ. Механик, слеср деген мамандықтарды игергісі келмейтіні анық. Сонда жұмыс жоқ деп қол қусырып отыра бере ме? Жалпы қанша бос жұмыс орны бар? Бұл сұрақтар жастар орталығында кеңінен талқыланды.
Салада тәжірибесі мол, білікті маман Индира Ақжігітова өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша нәтижелі көрсеткіштер бар екенін айтты.
Оның айтуынша, жастармен тікелей тілдесіп, қазір 400-ге жуық жасқа бос жұмыс орындары тізбегі ұсынылып, тиісті жолдама берілген. Спикер техника тілін меңгерген жастардың аздығын да сөз етті. Бүгінде бұл маңызды мәселені шешуде түрлі шара қолға алынғанымен, инженер-механик, электрмен дәнекерлеуші тапшылығы әлі де бар. Жөнін білсең, жұмыстың жаманы жоқ, ал сол жолда мансап, дәреже емес, елдік мүдде жоғары тұрғанын жастардан көргісі келетінін де жасырмады.
---
30 қыркүйек 2020 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930